
Студенттердің психологиялық әл-ауқаты: буллингтің алдын алу және стрессті басқару

2026 жылғы 25 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде В040-3106-24-02 тобының студенттері (кураторы – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор Е.Л. Нечаева) ЕҰУ Психологиялық қолдау орталығының психолог-консультанты Айнұр Тұрлыбекқызы Жекьяновамен кездесті.
Кездесу барысында қатысушылар буллингтің өзекті мәселесін, оның негізгі түрлері мен адамның психологиялық жағдайына тигізетін салдарын талқылады. Буллингке қарсы әрекет ету тәсілдеріне, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға, зардап шеккендерге қолдау көрсетуге және университет қауымдастығында қауіпсіз психологиялық орта құруға ерекше назар аударылды.
Кездесу аясында стресс және эмоционалдық жағдайды басқару мәселелеріне арналған интерактивті тренинг өткізілді. Талқылау және практикалық жаттығуларды орындау барысында студенттер стресстің табиғатын, оның туындау себептері мен көрініс беру ерекшеліктерін тереңірек түсініп, эмоционалдық өзін-өзі реттеу тәсілдерімен танысты. Стресс белгілерін дер кезінде анықтаудың, өз психологиялық денсаулығына саналы түрде қараудың және күрделі өмірлік жағдайларда кәсіби көмекке жүгінудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.
Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығы мен өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ өзінің психологиялық денсаулығы мен айналасындағы адамдардың әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауға ықпал етеді. Мұндай кездесулер жайлы, қауіпсіз және өзара қолдауға негізделген білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
