
Жастарды қолдау – ел болашағының кепілі: «Астана жастары» ресурстық орталығының қызметі

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында 14 пен 35 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жатады және (бұл өзгеріс "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" заңға енгізілген) жалпы саны шамамен 6 миллион 192 мың адамды құрайды, бұл дегеніміз ел халқының үлкен бір бөлігі.
Шоқан (Мұхаммед-Қанафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835–1865) — қазақтың тұңғыш кәсіби энциклопедист-ғалымы, этнограф, географ, тарихшысы жастардың болашағын ғылыммен, озық біліммен және елге адал қызмет етумен байланыстырған. Ғалым халықтың алға басуы жас ұрпақтың сауаттылығына тікелей тәуелді екенін айтты: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек». Оның ойынша, жастар ескіліктің шырмауында қалмай, заманауи ғылым мен өнерді меңгеруі тиіс.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, ол жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар және жастар арасындағы жұмыссыздық, тұрғын үй, білім, денсаулық және тағы басқа да бағыттар бойынша көмек көрсету.
Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының мәліметінше, биыл білімді өмірдегі негізгі құндылықтардың бірі санайтын жастардың үлесі 13,8 пайыздан 23,7 пайызға дейін өскен.
Жастар ресурстық орталығы (ЖРО) — Қазақстан Республикасындағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастарға ақпараттық, құқықтық, психологиялық және кеңес беру қызметтерін тегін көрсететін мемлекеттік мекеме.
Астана қаласында бұл бағытта Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы 2014 жылғы 7 ақпанда құрылған.
Мекеме өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастардың бастамаларын қолдау және оларға ақпараттық-кеңес беру қызметтерін көрсету мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеме (КММ) ретінде тіркелген. Ал 2019 жылы (Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында) елордадағы «Жастар» сарайының базасында жастарға арналған қосымша қызмет көрсету және коворкинг аймағы ашылып, орталықтың жұмыс ауқымы кеңейтілген.
Орталықтың негізгі бағыттары мен қызметтері
Жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар. Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін өткізу, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» секілді мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес беру.
Тегін кеңестер. Заңгерлер мен психологтардың жеке қабылдаулары, сондай-ақ тұрғын үй бағдарламалары («Отбасы банк», жастарға арналған жалдамалы пәтерлер) туралы ақпарат беру.
Волонтерлік қозғалыс. Қалалық, республикалық және халықаралық іс-шараларға еріктілерді тарту және оқыту. [
NEET санатындағы жастармен жұмыс. Уақытша жұмыссыз және оқымайтын жастарды қоғамдық өмірге бейімдеу, тегін қысқа мерзімді курстарға бағыттау.
Бос уақыт және даму. Дебат турнирлері, тренингтер, спорттық жарыстар және аула клубтарының жұмысын үйлестіру.
Астана қаласында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы (14–35 жас аралығындағы азаматтарға арналған) бірнеше негізгі бағыт бойынша тегін кеңес пен нақты қолдау көрсетеді.
Жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлік
Орталық мамандары Астана қаласының Еңбек мобильділігі орталығымен бірлесе отырып, жастарды жұмыспен қамтуға көмектеседі:
Бос жұмыс орындары жәрмеңкелері. Оқу орындарында және қалалық алаңдарда тұрақты түрде өткізіледі.
Мемлекеттік бағдарламалар. Оқу бітірген түлектерге арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына жолдама беру бойынша кеңес беріледі.
Қайтарымсыз гранттар. 14–34 жас аралығындағы жастарға арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» және бизнес бастауға арналған мемлекеттік гранттарға құжат тапсыру тәртібі түсіндіріледі.
Қысқа мерзімді курстар. NEET санатындағы (жұмыссыз және оқымайтын) жастарды сұранысқа ие мамандықтарға тегін оқытуға бағыттайды.
Тұрғын үй бағдарламалары бойынша кеңес
Жастарға баспана алу жолдары мен құжат жинау тәртібі бойынша тегін ақпараттық сүйемелдеу жасалады:
«Елорда жастары» бағдарламасы. Астанада жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі жастарға Отбасы банк арқылы 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен несие беру шарттарын түсіндіреді.
Жалдамалы пәтерлер. Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз берілетін жалдамалы пәтерлерге өтінім қабылдау мерзімдері мен талаптары туралы бағыт-бағдар береді.
Волонтерлік қозғалыс және аула клубтары
Қалалық волонтерлер штабы. Орталық жанынан волонтерлер штабы жұмыс істейді. Еріктілер қалалық ауқымды іс-шараларға, экологиялық акцияларға, сондай-ақ әлеуметтік және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек жұмыстарына тартылады.
Аула клубтары. Орталықтың жетекшілігімен Астананың барлық аудандарында жасөспірімдер мен жастарға арналған 14 тегін аула клубы жұмыс істейді (спорт, шығармашылық үйірмелер).
Профилактикалық жобалар. «Jarqyn Bolashaq» және «Esirtkisiz Elorda» жобалары аясында құқықтық сауаттылық, кибералаяқтық пен лудоманияның алдын алу бойынша тегін тренингтер мен дебат турнирлері ұйымдастырылады.
Тегін заңгерлік, психологиялық көмек және коворкинг
Орталық базасында жастарға арналған тегін коворкинг аймағы жұмыс істейді.
Кәсіби заңгерлер мен психологтар жеке қабылдау жүргізіп, еңбек даулары, отбасылық мәселелер және дағдарыстық жағдайлар бойынша тегін кеңес береді.
Жалпы, жастар саясатының басты жұмыстарының бірі – оларға жан-жақты қолдау көрсету, бағыт-бағдар беру. Осы бағытта кеңес беру, жұмысқа орналастыру мақсатында «Жастарға қызмет көрсету орталықтары» көмек көрсетіп келеді. Жастар әлеуметтік желілер арқылы да «Жастар ресурстық орталығына» байланысқа шығады. Мысалы, жастарға ең маңыздысы бос жұмыс орындары және ол желіде жарияланып отырады.
Джунусова А.С.
