
Буллингтің алдын алу және студенттерге психологиялық қолдау көрсету

2026 жылғы 27 қарашада Психологиялық қолдау орталығының маманы, психолог Айнұр Тұрлубекқызы В040-3106-26-04 тобында буллингтің алдын алуға, емтихан сессиясы қарсаңындағы мазасыздық пен күйзелісті жеңуге арналған тренинг өткізді.
Кездесу барысында студенттер буллингтің негізгі түрлерімен, оған қарсы әрекет ету тәсілдерімен және көмекке жүгіну мүмкіндіктерімен танысты. Тренингтің практикалық бөлігінде шығармашылық жаттығу ұйымдастырылып, студенттер өздерінің мазасыздық сезімін кейіпкер түрінде бейнеледі, оның туындауына себеп болатын жағдайларды анықтады және оны жеңу жолдарын талқылады.
Іс-шара студенттердің психологиялық сауаттылығын арттыруға, эмоционалдық тұрақтылығын нығайтуға, сондай-ақ қауіпсіз әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталды.
