
Шығыстану кафедрасында Ұлттық Оман Сұлтандығы күні өтті

Университет ректоры Ерлан Сыдықов және шығыстану кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Қазақстан Республикасындағы Оман Сұлтандығы Елшілігінің ұйымдастыруымен Оманның Ұлттық күнін мерекелеуге ресми қатысты.
Шара басында Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығының әнұрандары шырқалды. Оман Сұлтандығының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед әл-Бахрани мырза ресми сөз сөйлеп, екіжақты қарым-қатынастардың даму барысындағы прогрессивті сипатына тоқталды.
Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов мырза құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар, мерекелік шараға шығыстану кафедрасының түлектері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы - Н.Аипов, Қазақстан Республикасындағы Оман Сұлтандығының елшісінің аудармашысы мен көмекшісі- А. Айгумусова, Оман Сұлтандығының елшілігінің баспасөз хатшысы - Ж.Калменова қатысты.
