
«Спектр» ғылыми клубдан «Есірткіге жол жоқ»















2023 жылғы 22 қарашада Л.Н .Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде химия кафедрасының студенттерімен "Есірткіге жол жоқ" атты дәрігерлермен және студенттермен кездесу өткізді. Байқауды химия кафедрасының доценті Бейсембаева Күлжан Адамбайқызының жетекшілігімен «Спектр» студенттік клубы ұйымдастырды. Бұл ұйымның төрағасы В053-5301-21-01 тобының 3-ші курс студенті Абдиғали Аружан және ұйымдастырушысы В053-5306-21-01 тобының 3-ші курс студенті Сафина Дильназ ЕҰУ клубтары арасында клубты белсенді түрде дамытып келе жатыр.. Іс-шараның мақсаты студенттерді есірткі қабылдау кезіндегі адам ағзасындағы биохимиялық процесспен таныстыру, сонымен қатар есірткіні қолданудың салдары қандай болатынын түсіндіру.
Қонақ ретінде ЗОЖ дәрігері Арайлым Садыққызы, Астана клиникасының әлеуметтік жұмыс маманы Анара Жолдубайқызы және химия кафедрасының меңгерушісі Эльдар Ертайұлы Копишев шақырылды. Дәрігерлер «Біз есірткіге қарсымыз» атты профилактикалық пікірталас өткізді, есірткінің зияны, жастар арасындағы есірткіні қолданудың заманауи мәселелерімен таныстырып, зияны туралы айтты. Олардың негізгі пайдалануға деген қызығушылығы тәуелділікке әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Химия кафедрасының меңгерушісі Копишев Эльдар Ертайұлы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттердің мүмкіндіктерімен бөлісіп, Гент университетінің студенттерімен бірлесіп диплом жазу туралы айтты.
Студенттермен кездесу "Спектр" студенттік клубын дамытудағы маңызды қадам болды , ол химиялық кафедраны дамытуға , сондай-ақ студенттердің салауатты өмір салтына бағытталды .
