
Халықаралық қатынастар кафедрасының 2-курс магистранты Го Сыи «Қытай экономикасының құрылымы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді











Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Халықаралық қатынастар кафедрасының 2-курс магистранты Го Сыи педагогикалық практика аясында «Халықаралық саяси экономия» пәні бойынша «Қытай экономикасының құрылымы» атты ашық дәріс сабағын өткізді. Сабақ барысында магистрант Қытай Халық Республикасының экономикалық жүйесінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіре келе, бүгінгі күнгі Қытай экономикасының өзекті мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті. Пандемиядан кейінгі Қытай экономикасының жай-күйін нақты статистикалық мәлісеттермен сипаттай отырып, туындап отырған жаңа сын-тегеуріндерге қатысты Қытай үкіметінің экономикалық саясатындағы өзгерістерді баяндап берді. Қытай үкіметінің ел экономикасын жандандыра түсуге қатысты «қос иірім» атты бағдарламасының мәнін студенттерге жан-жақты түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, пандемия барысында Қытайдың ішкі туризмі одан бетер дамып, жаңа туристік бағыттардың пайда болуы да ел экономикасына тың серпін бергендігі де айтылды. Әсіресе, Zibo кейсі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды.
Ашық сабаққа халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.к., Ахмедьянова Д.К., кафедра оқытушылары т.ғ.к., доцент Турунтаева А.А., доктор PhD, доцент м.а., Далелхан Айболат қатысты. Ашық сабаққа қатысушылар магистранттың сабаққа даярлығын әрі педагогикалық дағдысын жоғары бағалады.
