
ТалапкерлергеБакалавриатШығармашылық емтихандар
Шығармашылық емтиханға тіркелу үшін қажет құжаттар тізімі
Шығармашылық емтиханға арналған құжаттар тізімі:
- ЖЖОКБҰ басшысының атына өтініш (қабылдау комиссиясынан беріледі);
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат қосымшаларымен (түпнұсқа) (шетел азаматтары үшін - білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасы) + электрондық нұсқа (pdf);
- жеке басын куәландыратын құжат (талапкердің/ заңды өкілдерінің сенімді өкілінің (сенімхатпен)) (түпнұсқа, көшірме) + электрондық нұсқа (pdf);
- туу туралы куәлік (18 жасқа толмаған талапкерлер үшін);
- 3х4 көлеміндегі цифрлы фотосурет (электронды түрде);
- ҰБТ сертификаты + электрондық нұсқа (pdf);
- басым құқық/ квота/ жеңілдікті растайтын құжаттардың көшірмесі + электрондық нұсқа (pdf);
- бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезінен мүгедектер таңдалған білім беру бағдарламасы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы медициналық қорытынды ұсынады.
- «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1-тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесін тапсырады (бар болған жағдайда);
- 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа) + электрондық нұсқа (pdf);
- флюорография (көшірмесі) + электрондық нұсқа (pdf);
- 063 егілу құжаты (көшірмесі);
- талапкердің (18 жастан асқан) немесе заңды өкілінің ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбасы);
- 1 дана скоросшиватель; 3 дана файл.
Ескерту:
- 3,4,7,8,9,10,11,12 тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқада ұсынылады.
- Өтініш берген кезде талапкер 18 жасқа толмаған болса, онда өтінішті оның заңды өкілдері береді.
- «Platonus» ААЖ тіркеу үшін құжаттардың электрондық көшірмелері pdf форматында қажет.
