+7 (7172) 709500 (32334)
+7 (7172) 709500 (32335)


2017 жылдан бастап университеттің құрылымдық бөлімшесі ретінде Foundation бөлімі Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды қабылдауды жүзеге асырады. Тыңдаушыларды оқыту жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерін жетілдіруге және тілдік құзыреттерін дамытуға бағытталған. Оқыту бағдарламасы Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге даярлауды қамтамасыз етеді.
Осы жылдар аралығында бөлім әлемнің түкпір-түкпірінен келген тыңдаушылар үшін білім беру алаңына айналды. Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тыңдаушылар қатарында Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Түркия, Моңғолия, Қытай, Франция, Египет, Оңтүстік Корея, Вьетнам, Индонезия, Ауғанстан, Нигерия және басқа да елдердің азаматтары білім алды.
Мақсаты – университеттің дайындық бөлімі ретінде тыңдаушыларды қабылдау мен оқытуды, сонымен қатар олардың Қазақстан Республикасының жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсу үшін академиялық бейімделуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1) Қабылдау мен конкурстық іріктеуді ашық түрде ұйымдастыру арқылы тыңдаушылар контингентін қалыптастыру;
2) Қазақстан Республикасы азаматтарының академиялық деңгейін арттыруға және шетелдіктердің, оның ішінде этникалық қазақтардың тілдік (қазақ және орыс тілдері) құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ) түсу үшін қажетті пәндер бойынша білім беру процесін ұйымдастыру;
3) Шетелдіктердің Қазақстанның білім беру және қоғамдық ортасына әлеуметтік-мәдени тұрғыдан бейімделуіне қажетті жағдай жасау.

Бөлім басшысы
тарих ғылымдарының кандидаты
Мекенжайы: Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, СҚФ ғимараты, 212 каб.
Жұмыс телефоны: 8-7172-709500 (32-335 ішкі)

Бөлім әдіскері
филология ғылымдарының кандидаты
Мекенжайы: Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, СҚФ ғимараты, 212 каб.
Жұмыс телефоны: 8-7172-709500 (32-335 ішкі)

Бөлім әдіскері
Мекенжайы: Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, СҚФ ғимараты, 212 каб.
Жұмыс телефоны: 8-7172-709500 (32-335 ішкі)

Бөлім әдіскері
Мекенжайы: Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, СҚФ ғимараты, 212 каб.
Жұмыс телефоны: 8-7172-709500 (32-335 ішкі)
Бөлімнің оқу-әдістемелік қызметі білім беру процесінің сапасын арттыруға, тыңдаушыларды жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге даярлауға, сондай-ақ олардың академиялық және тілдік бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны және саралануы
Білім беру процесі тыңдаушылар санаттары мен олардың таңдаған бағыттарының ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырылады:
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін: білім беру процесі ҰБТ-ны сәтті тапсыру үшін қажетті мектептің жалпы білім беру бағдарламасы пәндерін (математика, физика, химия, биология, ағылшын тілі) тереңдетіп оқытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (этникалық қазақтар) үшін: қазақ тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы, математика, физика, информатика, химия, биология, география және ағылшын тілі пәндерін, сондай-ақ ЖЖОКБҰ білім беру бағдарламаларының тиісті топтары шеңберіндегі шығармашылық даярлыққа арналған бейіндік пәндерді оқытуды қамтитын кешенді бағдарлама қарастырылған.
Шетелдіктер үшін: коммуникативтік құзыреттерді қарқынды дамытуға бағытталған қазақ және орыс тілдерін оқытудың арнайы деңгейлік бағдарламасы жүзеге асырылады. Оқыту сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін (айтылым, оқылым, тыңдалым, жазылым) кешенді меңгеру негізінде ұйымдастырылады және фонетика мен морфология салалары бойынша лингвистикалық даярлықтың іргелі элементтерін қамтиды.
Жазбаша және ауызша сөйлеу сауаттылығын дамыту
Әдістемелік жұмыс аясында шетелдіктерге, оның ішінде этникалық қазақтарға арналған практикалық қазақ тілі курсына ерекше назар аударылады. Аталған курс орфография мен графика ережелерін қарқынды меңгеруге бағытталған, бұл тыңдаушылардың күнделікті әлеуметтік-мәдени және кәсіби-ресми қарым-қатынас салаларында тілді жүйелі түрде жазбаша меңгерудің тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
2025-2026 оқу жылындағы маңызды оқиғалардың бірі университет оқытушылары А.М. Әділбек пен А.К. Мағзұмбекованың дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған «Оқу сауаттылығы» оқу-әдістемелік құралы жарық көрді.
Аталған құрал тыңдаушылардың функционалдық сауаттылығын, академиялық дағдыларын дамытуға және жоғары мектепте оқуға табысты бейімделуіне бағытталған.
Кадрлық әлеует және оқытушылар құрамы
Оқу-әдістемелік процестің сапасы жоғары білікті ғылыми педагогикалық құрамды тарту арқылы қамтамасыз етіледі. Оқу процесіне университеттің жетекші оқытушылары, сонымен қатар Астана қаласындағы мамандандырылған білім беру ұйымдарының, оның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ), «BINOM» және «Зерде» мектептерінің тәжірибелі педагог-сарапшылары тартылады. Барлық оқытушылар бейіндік емтихандары мен Ұлттық бірыңғай тестілеуге сапалы дайындап жүрген көпжылдық тәжірибесі бар ұстаздар. Білім сапасын бақылау, оқытушылардың өзара сабаққа қатысуын ұйымдастыру және педагогикалық тәжірибе алмасу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.
Бөлім қызметінің басым бағыттарының бірі – шетелдік тыңдаушылар мен этникалық қазақтардың Қазақстандағы оқу және тұру жағдайларына бейімделуін қамтамасыз ету.
Жыл сайын қазан-қараша айлары аралығында кешенді бейімдеу бағдарламасы аясында университеттің құрылымдық бөлімшелері, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Ғылыми кітапхана, спорт клубы және Студенттік және қызметтік тұрғын үй департаменті өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Тыңдаушылар оқу қағидалары, академиялық адалдық, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасы, визалық сүйемелдеу, медициналық сақтандыру, жатақханаларда тұру тәртібі және университеттің қоғамдық өміріне қатысу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алады.
Білім алушыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуге ерекше назар аударылады. Психологиялық қолдау көрсету орталығының мамандарымен бірлесіп, жаңа ортаға бейімделу, мәдениетаралық өзара іс-қимылды дамыту және білім беру ортасындағы мінез-құлық мәселелері бойынша кеңестер өткізіледі.
Жыл бойы тыңдаушылар мәдени-танымдық және спорттық іс-шараларға белсенді қатысады. Мұражайларға экскурсиялар, театрларға бару, тақырыптық кездесулер, дөңгелек үстелдер, Республика күніне, Тәуелсіздік күніне, Наурыз мерекесіне, Қазақстан халқының бірлігі күніне және басқа да атаулы күндерге арналған іс-шаралар өткізіледі.
Құқықтық сауаттылық, интернет қауіпсіздігі, экстремизм, тәуелділіктердің және өзге де деструктивті құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша да профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
Жүргізіліп отырған жұмыстар тыңдаушылардың университеттің білім беру кеңістігіне табысты бейімделуіне, олардың әлеуметтік белсенділігін дамытуға және Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарау көзқарастарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бөлім шетелде тұратын этникалық қазақтарға қолдау көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен тұрақты ынтымақтастық орнатқан. Бөлімнің негізгі серіктестері – «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы.
«Отандастар қоры» ұйымымен бірлесіп, шетелдік жастар арасында этникалық қазақтарды Қазақстанда білім алуға тартуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім алушыларға арналған мотивациялық кездесулер, мәдени-ағартушылық шаралар және бейімдеу жобалары ұйымдастырылды.
Рамазан айында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Отандастар қоры» және серіктес ұйымдардың қолдауымен тыңдаушыларға арналған рухани-танымдық және қайырымдылық іс-шаралары ұйымдастырылды.
Наурыз мерекесі мен Ораза айын атап өту барысында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсетіліп, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, ұлттық дәстүрлерді сақтауға және шетелден келген жастар арасында бірлік пен ынтымақтастық қатынастарды қалыптастыруға бағытталған кездесулер өткізілді.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының және «Отандастар қорының» өкілдері іс-шараларға тұрақты түрде қатысып, бейімделу, ұлттық бірегейлікті сақтау және шетелдегі қазақтардың тарихи Отанына байланысын нығайту бағыттары бойынша қолдау көрсетеді.
– Қазақстан Республикасының азаматтары;
– Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар;
– шетелдіктер.
Оқуға қабылдау конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады:
* Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) негізінде оқу алғаш рет жүзеге асырылса, тегін оқу мүмкіндігі беріледі.
** Ақылы негізде оқыту да конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Төлем тәртібі білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт талаптарымен айқындалады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша оқуға қабылданған тыңдаушыларға оқу кезеңінде стипендия тағайындалады.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау
5 тамыз - 5 қыркүйек аралығы
Офлайн: Қабылдау комиссиясы құжаттарды қағаз нұсқада Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 13 мекенжайы бойынша қабылдайды.
Онлайн: құжаттардың электрондық көшірмелері enupodkurs2020@gmail.com электрондық поштасы арқылы қабылданады*.
* Барлық құжаттар тек PDF форматында ұсынылуы тиіс. Әрбір құжатты жеке файлда сақтап, тегі, аты және құжат атауы көрсетілуі тиіс, мысалы: Ахметов Арман_паспорт.pdf, Ахметов Арман_аттестат.pdf және т.б. Барлық құжаттар бір электрондық хат арқылы жіберілуі тиіс. Басқа форматтарда (JPG, PNG, HEIC, DOC және т.б.) ұсынылған құжаттар қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының азаматтары
1) конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтініштің электрондық немесе қағаз нұсқасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық немесе қағаз нұсқадағы көшірмесі;
3) Жалпы орта (жалпы орта), кәсіптік бастауыш (техникалық және кәсіптік), кәсіптік орта (орта білімнен кейінгі) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз нұсқасы;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама.
Шетелдіктер және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар
1) конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтініштің электрондық немесе қағаз нұсқасы;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың электрондық немесе қағаз нұсқадағы көшірмесі қазақ (немесе орыс) тіліне нотариалды куәландырған аудармасы*;
3) ЖСН (бар болған жағдайда);
4) Білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның электрондық көшірмесі немесе қағаз түпнұсқасы және құжат шет тілінде болса, қазақ немесе орыс тіліне (мөрімен қоса) нотариалды куəландырылған аудармасы**;
5) Үміткердің тұрғылықты елінің ресми денсаулық сақтау органы берген шетелде білім алуға арналған денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама, АИТВ-инфекциясына және туберкулезге тексеру нәтижелерін қамтитын медициналық анықтама немесе ол болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағында медициналық тексеруден өткені туралы анықтама ұсынылады. Медициналық тексеру кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуін, АИТВ-инфекциясын анықтауға арналған зерттеуді, мерезге (сифилиске) трепонемалық тестті қамтуы тиіс және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 665 бұйрығымен бекітілген Иммигранттарға медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін міндетті түрде медициналық тексеруден өтіп, № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/у нысанындағы медициналық анықтаманы ұсынуы қажет;
6) Ұлты қазақ екенін растайтын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар үшін);
7) 3х4 көлеміндегі фотосурет – 2 дана;
8) құжат тігілетін папка (скоросшиватель) – 1 дана;
9) файл – 15 дана.
10) медициналық сақтандыру полисі (оқуға қабылданғаннан кейін);
11) егу картасы (оқуға қабылданғаннан кейін).
*Құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуын куәландыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары жүзеге асырады.
**Құжат Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын конвенцияға (1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясы) қатысушы мемлекетте берілген болса, оған апостиль қойылуы тиіс. Мысалы, Қытай Халық Республикасында берілген білім туралы құжаттар апостильмен ұсынылады.
Құжат Конвенцияға қосылмаған мемлекетте берілген болса және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзара тану қарастырылмаған жағдайда, ол консулдық заңдастырудан өтуге тиіс;
Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Ресей, Моңғолияда және Қазақстан Республикасы құқықтық көмек көрсету туралы халықаралық шарттар жасасқан өзге де бірқатар мемлекеттерде берілген білім туралы құжаттар апостильсіз және консулдық заңдастырусыз қабылданады.
10-15 қыркүйек аралығы
Әңгімелесу
* Бұл талап мүгедектігі бар және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар үшін қолданылмайды. Көмекші қажет болған жағдайда Комиссияға алдын ала хабарлап, растайтын құжаттарды ұсыну қажет.
Үміткер келесі жағдайда әңгімелесуден шеттетіледі немесе оған жіберілмейді:
Оқуға қабылдау
Дайындық бөлімдерінің тыңдаушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық 25-28 қыркүйек аралығында шығады
Әңгімелесу нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған тұлғалар мемлекеттік білім беру тапсырысы (грант) бойынша тыңдаушылар құрамына қабылданады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша тыңдаушыларды қабылдау туралы шешім түсушілердің назарына 25 қыркүйекке дейін хабарланады.
Тыңдаушыларды ақылы негізде қабылдау келесі талаптар сақталған кезде жүзеге асырылады:
Оқу ақысы жылына 700 000 теңгені құрайды.
1 қазан-30 маусым (9 ай)
Оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылғаннан кейін (29 қыркүйектен бастап) Студенттер үйіне (жатақханаға) орналасуға рұқсат беріледі.
+7 (7172) 709500 (32334)
+7 (7172) 709500 (32335)