
ТалапкерлергеМагистратураШығармашылық емтихан
Шығармашылық емтиханға тіркелу үшін қажет құжаттар тізімі
Шығармашылық емтихан тапсыратын үміткерлер университеттің қабылдау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:
- университет басшысының атына өтініш;
- жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (бар болған жағдайда);
- еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда);
- 1 тезтікпе (скоросшиватель) және 3 файл.
Ескерту:
- Тіркеуден өту үшін құжаттардың электрондық нұсқасы (pdf) талап етіледі
- Электронды сандық қолтаңба (ЭЦП) міндетті түрде болуы тиіс
