
Бейінді магистратураға түсушілер үшін ақпарат
Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
Әңгімелесуге құжаттарды қабылдау 25 шілдеден 15 тамызға дейін жүзеге асырылады, әңгімелесу күнтізбелік жылдың 20 тамызы мен 22 тамызы аралығында жүргізіледі.
Білім беру гранты конкурсына қатысу үшін КТ бойынша ең жоғары балл жинаған үміткерлер құқылы:
қазақ немесе орыс тілінде оқытатын бейінді магистратура үшін-кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
- бірінші бейіндік пән бойынша-кемінде 7 балл;
- екінші бейіндік пән бойынша-кемінде 7 балл;
Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада тұлғаларды ақылы негізде қабылдау КТ қорытындылары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің 70 балдық бағалау жүйесінің шкаласына сәйкес кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша:
- бірінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл,
- екінші бейінді пән бойынша – кемінде 7 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
