
«Өзін-өзі қаржыландыру» бағдарламасы ЕҰУ білім алушыларына шетелдік серіктес университеттерде өз қаражаты есебінен бір семестр бойы оқуға мүмкіндік береді.
Қатысушылар барлық шығындарды өз бетінше төлейді , соның ішінде:
- жол жүру,
- тұру,
- тамақтану,
- визаны рәсімдеу,
- медициналық сақтандыру және басқа да ілеспе шығындар.
Қабылдаушы университетте оқу ақысы тегін (екіжақты келісімдер шеңберінде) немесе ЕҰУ-дағы бір семестрлік оқу құнының 60%-ын құрауы мүмкін.
Конкурс өткізілмейді. Өтінімдер Еуразия ұлттық университеті белгілеген академиялық, тілдік және ұйымдастыру талаптарына сәйкес келетін барлық студенттерден қабылданады.
Бағыттары: АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ЕО, Түркия, ТМД
Кім қатыса алады: Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларының білім алушылары
Өтінім беру кезеңі: Қыркүйек-қазан (көктемгі семестрге арналған), ақпан-наурыз (күзгі семестрге арналған)
«ENU Student Ambassadors» — бұл Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттердің академиялық ұтқырлығын қолдауға бағытталған ішкі бастамасы. Бағдарлама аясында іріктеліп алынған қатысушыларға біржолғы стипендия түрінде ішінара қаржыландыру ұсынылады. Қаржылық қолдау конкурс негізінде беріледі.
Бағыттары: АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ЕО, Түркия.
Кім қатыса алады: Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларының білім алушылары
Өтінім беру кезеңі: Қыркүйек/қазан (көктемгі семестрде бару үшін), ақпан/наурыз (күзгі семестрде бару үшін).
Бұл академиялық ұтқырлық бағдарламасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Бағдарлама аясында Министрлік шетелде бір семестр оқу үшін белгіленген нормалар шегінде қаржыландыруды ұсынады.
Грант мынадай шығындарды өтейді:
- Тұру ақысы;
- Оқу орнына барып-келу жолы;
- Визаны рәсімдеу;
- Медициналық сақтандыру.
Қаржыландыру белгіленген талаптарға сәйкес келетін студенттер арасында өткізілетін конкурстық іріктеу нәтижесі бойынша беріледі.
Бағыттары: АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия, ЕО.
Кім қатыса алады: Бакалавриат бағдарламаларының студенттері
Период подачи заявки: ақпан-наурыз (күзгі семестрде бару үшін)
University Mobility in Asia and the Pacific (UMAP) — бұл студенттер мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын семестрлік, қысқа мерзімді және виртуалды бағдарламалар арқылы кеңейту үшін құрылған Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жоғары оқу орындарының халықаралық консорциумы.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2022 жылдан бастап UMAP-тың ресми мүшесі болып табылады.
ЕҰУ студенттері үшін мүмкіндіктер:
- UMAP-қа мүше шетелдік серіктес университеттерде бір семестр оқу;
- Discovery Camp, COIL және т.б. сияқты оқу бағдарламаларына офлайн және онлайн форматта қатысу.
UMAP ресми сайты: https://umap.org/
«Орхун» бағдарламасы — бұл Түркі мемлекеттері ұйымы Жоғары білім кеңесінің бастамасы, ол түркі әлемі университеттерінің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты — Қатысушы елдердің университеттері арасындағы академиялық ынтымақтастықты, мәдени және ғылыми байланыстарды нығайту. Ортақ түркі білім беру кеңістігін қалыптастыру. ссылка
Қатысу географиясы: Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан.
Кім қатыса алады: Бакалавриат, магистратура, докторантура білім алушылары және профессорлық-оқытушылық құрам.
Өтінімдерді қабылдау жылына бір рет, көктемде жүзеге асырылады.
«Абай-Верн» стипендиялық бағдарламасы — бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігінің бірлескен бағдарламасы. Бағдарлама Францияда магистратура мен докторантурада мемлекеттік бюджет есебінен оқуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ай сайынғы стипендия қарастырылған.
Қатысу шарттары мен қажетті құжаттар француз тарапы өтінім қабылдауды жариялаған кезде ААЖ Платонус жүйесінің «Хабарландырулар» бөлімінде жарияланады.
Ішкі академиялық ұтқырлық — бұл Қазақстан ішіндегі жоғары оқу орындары арасында студенттердің академиялық өзара іс-қимылын дамытуға және білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған алмасу бағдарламасы.
Бағдарлама ЕҰУ студенттеріне бір семестр бойы басқа қазақстандық университетте оқуға мүмкіндік береді, ал оқып келген пәндері негізгі білім беру бағдарламасында есепке алынады.
Қатысу шарттары:
- Қабылдаушы ЖОО-да оқу ақылы немесе тегін болуы мүмкін, бұл қабылдаушы тараптың шарттарына байланысты.
- Студент академиялық ұтқырлықтың барлық кезеңінде ЕҰУ студенті мәртебесін сақтайды.
- Тұру, жол жүру және тамақтану шығындарын студент өз бетінше өтейді (егер басқа жағдайлар қарастырылмаса).
Кім қатыса алады: Бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламаларының білім алушылары.
Өтінім беру кезеңі: Қараша (көктемгі семестрге арналған), сәуір/мамыр (күзгі семестрге арналған).
