Welcome to ENU бағдарламасы шетелдік университеттердің білім алушыларына бір семестр немесе оқу жылы бойы ЕҰУ-да білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Қатысу келесі түрде жүзеге асырылуы мүмкін:
серіктестік шеңберінде - ЕҰУ мен шетелдік университет арасында ынтымақтастық туралы келісім болған жағдайда;
Free mover ретінде - ЕҰУ мен шетелдік университет арасында келісім болмаған жағдайда.
Құжаттарды тапсыру мерзімдері
|
Оқу кезеңі
|
Құжаттарды тапсыру мерзімі
|
|
Күзгі семестр
|
15 наурыз – 30 сәуір
|
|
Көктемгі семестр
|
1 қазан – 15 қараша
|
Номинациялау процесі
- Серіктес университет ЕҰУ-ға келесі мәліметтер көрсетілген номинациялық хат жібереді:
- білім алушының Т.А.Ә.;
- білім алу деңгейі;
- білім беру бағдарламасының шифры мен атауы.
Номинация алынғаннан кейін ЕҰУ серіктес университетке тиісті семестрде оқуға болатын пәндер тізімін жібереді.
Өтінім беру
- Номинациядан кейін білім алушы келесі құжаттарды ұсынады:
- толтырылған сауалнама;
- паспорт көшірмесі;
- транскрипт;
- таңдалған пәндері бар оқу туралы келісім.
Шақыру
Құжаттар қарастырылып, келісілгеннен кейін ЕҰУ оқу мүмкіндігін растайды.
Байланыс деректері
Жауапты координатор: Тұрарбекова Ақмарал Асылбековна
Электрондық пошта: incoming@enu.kz