
CACTLE: Implementing a CA Centre for Teaching, Learning and Entrepreneurship
Қатысушы елдер: Австрия, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Испания, Өзбекстан
Үйлестіруші: WIRTSCHAFTSUNIVERSITAT WIEN (Вена экономикалық университеті) (Австрия)
Жоба мақсаты: Ішкі кәсіпкерлік пен бизнес құзыреттерін дамытуды ынталандыру үшін Орталық Азия жоғары оқу орындары мен кәсіпорындары арасындағы қарым-қатынастарды дамыту және нығайту мақсатында "Орталық Азия оқыту, үйрену және кәсіпкерлік орталығын (CACTLE)" құру арқылы:
- жоғары оқу орындары оқытушыларының кәсіби құзыреттерін жақсарту;
- кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері үшін қосымша оқыту мүмкіндіктерін құру;
- студенттерді кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуға оқыту.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/561495-EPP-1-2015-1-AT-EPPKA2-CBHE-JP
DOCMEN: Development of two cycle innovative curricula in microelectronic engineering
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2015-30.06.2019
Қатысушы елдер: Армения, Болгария, Германия, Израиль, Италия, Қазақстан, Польша
Үйлестіруші: POLITECHNIKA KRAKOWSKA (Краков технологиялық университеті) (Польша)
Жоба мақсаты: Болон процесі мен озық тәжірибеге сәйкес, микроэлектроникадағы жаңа әзірлемелерге, еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес екі деңгейлі бағдарламаларды жаңарту арқылы Армения, ҚР және Израильдегі мақсатты университеттерде микроэлектроникадағы жоғары білімді жаңғыртуды қолдау.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/561627-EPP-1-2015-1-PL-EPPKA2-CBHE-JP
TREASURE-WATER: Trans-Regional Environmental Awareness for Sustainable Usage of Water Resources
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2015-14.10.2019
Қатысушы елдер: Германия, Грекия, Қазақстан, Нидерланды, Ресей, Ұлыбритания
Үйлестіруші: ALBERT-LUDWIGS-UNIVERSITAET FREIBURG (Альберт және Людвиг атындағы Фрайбург университеті)
Жоба мақсаты: Ұлттық және еуропалық стандарттар негізінде және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, трансшекаралық су ресурстарын басқару саласындағы жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы білім беру серіктестігін нығайту арқылы ҚР мен РФ-дағы жоғары оқу орындарының әлеуетін арттыруға және жоғары білім беру сапасын арттыруға жәрдемдесу.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/561775-EPP-1-2015-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP
APPLE: Applied curricula in space exploration and intelligent robotic systems
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2016-30.09.2020
Қатысушы елдер: Беларусь, Бельгия, Эстония, Германия, Қазақстан, Латвия, Ресей
Үйлестіруші: TECHNISCHE UNIVERSITAT BERLIN (Берлин техникалық университеті)
Жоба мақсаты: Болон процесі мен ЕО-ның "Стратегия-2020" қағидаттарына сәйкес, осы саладағы жаңа әзірлемелерге және еңбек нарығындағы сұранысқа сай Қазақстан, Беларусь және Ресей университеттерінде ғарыш кеңістігін игеру және интеллектуалды роботтандырылған жүйелер бойынша жаңа қолданбалы оқу бағдарламаларын енгізу.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/573545-EPP-1-2016-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP
WELCOME: Towards incoming international university communities
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2016-14.10.2019
Қатысушы елдер: Қытай, Эстония, Франция, Қазақстан, Португалия, Испания, Швеция
Үйлестіруші: UNIVERSITAT POLITECNICA DE CATALUNYA (Каталония политехникалық университеті) (Испания)
Жоба мақсаты: Шетелдік студенттер, оқытушылар мен ғалымдардың келуі мен санының өсуін қамтамасыз ету мақсатында стратегиялық және маркетингтік әдіснамаларды анықтау мен жүзеге асыру арқылы қазақстандық және қытайлық ЖОО-ның халықаралық деңгейін көтеріу.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/573655-EPP-1-2016-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP
LMPI: Licence, Master professionnels pour le développement, l’administration, la gestion, la protection des systèmes et réseaux informatiques dans les entreprises
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2016-14.10.2019
Қатысушы елдер: Болгария, Франция, Германия, Италия, Қазақстан, Молдова, Испания, Вьетнам
Үйлестіруші: UNIVERSITA TELEMATICA INTERNAZIONALE-UNINETTUNO (UNINETTUNO Халықаралық телематикалық университеті) (Италия)
Жоба мақсаты: Орта буын (компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғау, қолдау және қорғау) мен жоғары буын (компьютерлік жүйелер мен желілерді қорғауға арналған дизайн, инжиниринг) арасындағы біліктілік алшақтығын студенттердің жұмысқа орналасу қабілетін жақсарту және компаниялардағы техниктер мен басшыларды жетілдіру арқылы жою..
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/573901-EPP-1-2016-1-IT-EPPKA2-CBHE-JP
ENINEDU: Enhancement of higher education and corporate sectors integration in accordance with new social environment
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2016-14.04.2020
Қатысушы елдер: Франция, Грекия, Мажарстан, Қазақстан, Ресей, Испания
Үйлестіруші: NON COMMERCIAL JOINT STOCK COMPANY KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY NAMES AFTER AL-FARABI (Қазақстан)
Жоба мақсаты: Консорциум елдеріндегі бизнестің және жоғары оқу орындарының ынтымақтастығын Болон процесінің талаптарына сәйкес білім беру парадигмасын өзгерту арқылы кеңейту.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/574060-EPP-1-2016-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP
CLASS: Development of the interdisciplinary master program on Computational Linguistics at CA universities
Жүзеге асыру кезеңі: 15.10.2017-14.04.2021
Қатысушы елдер: Грекия, Қазақстан, Польша, Португалия, Испания, Өзбекстан
Үйлестіруші: UNIVERSIDAD DE SANTIAGO DE COMPOSTELA (Сантьяго де Компостела университеті) (Испания)
Жоба мақсаты: Магистрлік бағдарламаны әзірлеу және лингвистикалық компьютерлік ғылымдар саласында маманданған студенттер үшін компьютерлік лингвистика бойынша магистрлік бағдарламада аралас оқыту арқылы Қазақстан мен Өзбекстан университеттерінің жоғары білімге қолжетімділігін кеңейтудегі мүмкіндіктерін арттыру.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/585845-EPP-1-2017-1-ES-EPPKA2-CBHE-JP
SMARTCITY: Innovative Approach Towards a Master Program on Smart Cities Technologies
Жүзеге асыру кезеңі: 15.11.2018-14.11.2021
Қатысушы елдер: Австрия, Болгария, Германия, Қазақстан, Латвия, Моңғолия, Румыния, Ресей
Үйлестіруші: TECHNICAL UNIVERSITY OF SOFIA (София техникалық университеті) (Bulgaria)
Жоба мақсаты: Мультидисциплинарлық АКТ дағдылары бар жаңа буын түлектерін даярлау арқылы Қазақстан, Моңғолия және Ресей үшін ірі қалалардағы өмір сүру сапасын жақсарту, шығындар мен ресурстарды тұтынуды төмендету, қалалық информатика мен технологияларды пайдалана отырып, Smart City (SCT) технологияларын енгізу арқылы азаматтар мен үкімет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін мүмкіндіктерді кеңейту
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/598317-EPP-1-2018-1-BG-EPPKA2-CBHE-JP
STEM: Integrated Approach to STEM Teacher Training
Жүзеге асыру кезеңі: 15.01.2019-14.01.2023
Қатысушы елдер: Финляндия, Ирландия, Қазақстан, Ресей, Швеция, Түркия
Үйлестіруші: LINKOPINGS UNIVERSITET (Линчепин университеті) (Швеция)
Жоба мақсаты: Болон қағидаттарына және білім экономикасының қажеттіліктеріне сәйкес серіктес жоғары оқу орындарында STEM-бағытындағы мұғалімдерді даярлау сапасын арттыру. Болон қағидаттарына сәйкес STEM-бағытындағы мұғалімдерді даярлау бойынша магистрлік бағдарламаларды әзірлеу; STEM ресурстық орталықтарын құру; мұғалімдерді жаңа дағдыларға оқыту.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/598367-EPP-1-2018-1-SE-EPPKA2-CBHE-JP
EEIHSR: Economics, Ecology and Infrastructure at High-Speed Railways
Жүзеге асыру кезеңі: 15.11.2018-14.11.2022
Қатысушы елдер: Германия, Қазақстан, Польша, Ресей, Испания
Үйлестіруші: TECHNISCHE UNIVERSITAET DRESDEN (Дрезден техникалық университеті) (Германия)
Жоба мақсаты: Қазақстандық және ресейлік жоғары оқу орындарына теміржол инжинирингі, атап айтқанда, жоғары жылдамдықты теміржолдар саласында қосымша білім мен тәжірибе алу үшін білім беруге жәрдемдесу. Міндеттері: "Жоғары жылдамдықты теміржолдардың экономикасы, экологиясы және инфрақұрылымы" магистрлік бағдарламасын құру және осы салада білімді тарату.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/598817-EPP-1-2018-1-DE-EPPKA2-CBHE-JP
HiEdTec: Modernisation of Higher Education in CA through New Technologies
Жүзеге асыру кезеңі: 15.11.2018-14.11.2022
Қатысушы елдер: Болгария, Италия, Қазақстан, Қырғызстан, Люксембург, Португалия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан
Үйлестіруші: UNIVERSITY OF RUSE ANGEL KANCHEV (Ангел Кынчев атындағы Русе университеті) (Болгария)
Жоба мақсаты: Орталық Азия елдерінің әрқайсысының ерекше жағдайларын ескере отырып, білім беру жүйесін цифрлық буынға бейімдеу тұжырымдамасын әзірлеу; инновациялық білім беру технологиялары орталықтарын құру; тиімді цифрлық оқыту әдістерін, ашық білім беру әдістемелері мен құралдарын енгізу үшін жоғары оқу орындарының оқытушыларын қолдау.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/598092-EPP-1-2018-1-BG-EPPKA2-CBHE-SP
TRIGGER: Triggering innovative approaches, entrepreneurial skills and attitudes in HEI learners through creating the favourable conditions for graduate’s employability in CA
Жүзеге асыру кезеңі: 15.01.2021-14.07.2024
Қатысушы елдер: Австрия, Франция, Греция, Казахстан, Россия, Словакия, Таджикистан, Узбекистан
Үйлестіруші: TECHNICKA UNIVERZITA V KOSICIACH (Кошице техникалық университеті)
Жоба мақсаты: Орталық Азия елдеріндегі түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін жақсарту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы экономикалық өсуге жәрдемдесу, әсіресе жоғары білім беру ортасының кәсіпкерлік және инновациялық сипатына қатысты болашақ сын-қатерлерге жоғары оқу орнын даярлау.
Жоба сілтемесі: https://erasmus-plus.ec.europa.eu/projects/search/details/617309-EPP-1-2020-1-SK-EPPKA2-CBHE-JP
