
ICM
Халықаралық кредиттік ұтқырлық (International Credit Mobility).
Бұл бағдарлама ЕҰУ студенттерінің Еуропалық одақ университеттерінде уақытша оқуын, сондай-ақ оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлерінің алмасуын көздейді. Қатысушылар байқау арқылы іріктеледі және шығындарды ішінара немесе толығымен өтейтін қаржылық қолдау алады.
*Қаржылық қолдау мөлшері елге, серіктес жоғары оқу орнына және ұтқырлықтың ұзақтығына байланысты.
Маңызды:
Серіктес университеттердің тізімі әр академиялық семестр сайын қалыптастырылып, жаңартылып отырады. Бағдарламаға қатысуға арналған байқау туралы хабарландыру серіктес жоғары оқу орындарынан алынған гранттарға байланысты ААЖ Платонус («Хабарландырулар» бөлімі) және @international_enu инстаграм әлеуметтік желісінде жарияланады.
