
Мемлекеттік аудиттің Еуропалық Одақ әдіснамасы: Қазақстандағы үздік тәжірибелерді қолдану
Жүзеге асыру кезеңі: 01.12.2022 – 30.11.2025
Университет: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Оқытушы: Ляззат Бейсенова
Тақырып: Аудиторские практики ЕС как пример передового опыта
Жоба сипаттамасы: «Мемлекеттік аудит» білім беру бағдарламасы ЕО тәжірибелерін ескере отырып жаңартылды және мемлекеттік қаржылық бақылау мен аудит саласында халықаралық құзыреті бар мамандарды даярлауға бағытталған.
(Жоба сілтемесі: https://enu.kz/ru/page/cooperation/academic-mobility/programs/erasmus/jean-monet-chair-euroaudit)
Жан Моне Еуропалық дипломатия кафедрасы
Жүзеге асыру кезеңі: 01.09.2018 – 31.08.2021
Университет: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Оқытушы: Жанар Медеубаева
Тақырып: Международные отношения ЕС и дипломатия
Жоба мақсаты: ЕО-ның сыртқы саясаты мен дипломатиясы саласындағы оқыту мен зерттеуге академиялық қолдау көрсету, сондай-ақ студенттер мен оқытушылардың халықаралық қатынастардағы ЕО рөлі туралы хабардарлығын арттыру.
(Жоба сілтемесі: https://enu.kz/ru/page/cooperation/academic-mobility/programs/erasmus/jean-monnet-chair-of-european-diplomacy )
Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың «жұмсақ күші» туралы зерттеулерді ілгерілету және білімді кеңейту (EUROSOFT)
Жүзеге асыру кезеңі: 01.11.2023 – 31.10.2026
Университет: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Оқытушы: Жанар Медеубаева
Тақырып: Орталық Азиядағы Еуропалық Одақтың жұмсақ күші
Жоба сипаттамасы:
Жан Моне EUROSOFT орталығы зерттеу және білім беру бастамалары, семинарлар, басылымдар мен курстар арқылы ЕО-ның «жұмсақ күші» туралы білімді ілгерілетуге, сондай-ақ студенттер мен ғылыми қауымдастықтың өңірдегі ЕО рөлі туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.
(Жоба сілтемесі: https://eurosoft.enu.kz/ru/page/about-project )
