
Шетелдік білім алушыларға арналған «Күлтегін» және «Гумилев» стипендиялары
«Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ Басқармасының шешімімен ЕҰУ-дың шетелдік білім алушылары үшін «Күлтегін» және «Гумилев» стипендиясын тағайындау туралы ереже 27591b09-d3f5-4f02-ab62-eb0cf094f103бекітілді. «Күлтегін» және «Гумилев» стипендиясына ақылы негізде білім алатын шетелдік студенттер мен магистранттар қатыса алады.
Бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша университет қаражаты есебінен тегін оқу, жатақханада тегін тұру және ай сайынғы стипендия беру қарастырылған.
Конкурс екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – шетелдік азаматтардың стипендия алуға өтініш беруі;
Екінші кезең-Конкурстық комиссия мүшелерінің өтінімдерді қарауы.
Конкурстың бірінші кезеңін өткізу үшін халықаралық ынтымақтастық департаментіне ғылым мен оқуда белгілі бір жетістіктері бар, сондай-ақ факультет пен жалпы университеттің қоғамдық өміріне белсене араласатын шетелдік білім алушы төмендегі құжаттарды тапсырады:
- Төлқұжат көшірмесі және нотариалды куәландырылған аударма (қажет болған жағдайда);
- Уәждемелік хат;
- мектептегі білім туралы аттестаттың немесе бакалавриат дипломының көшірмесі және нотариалды куәландырылған аудармасы (қажет болған жағдайда);
- Ағылшын тілі бойынша халықаралық сертификат (TOEFL ITP, TOEFL iBT, TOEFL PBT, IELTS) (бар болса);
- Ұсыныс хат;
- үміткердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және таратуға жазбаша түрде келісім беру;
- Қатысушылар өтінімге қосымша ретінде конференцияларға, олимпиадаларға және конкурстарға қатысқандығын растайтын құжаттар, соның ішінде:
а) Үміткер жариялаған ғылыми жұмыстардың тізімі (жеке-дара немесе бірлескен авторлықта) (бар болса);
ә) Өткізілетін орны мен уақыты көрсетілген ғылыми конференцияларда, симпозиумдардағы тақырыптардың тізімі;
б)Үміткердің ғылыми-зерттеу жұмысына және шығармашылық сайыстарға қатысқанын растайтын өзге де құжаттарды ұсынады.
ЕҰУ, Бас ғимараты 407 кабинет
Байланыс телефондары: +7 (7172) 709 500 ішкі.: 31-431, 31-498, 31-429
