Орталық туралы
Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталықты құруға 2007 жылғы 6 шілдеде Минск қаласында қол қойылған Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитеті мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті арасындағы Ниеттер туралы хаттама, сондай-ақ БНТУ-дың «Политехник» ғылыми-технологиялық паркі мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы ынтымақтастық туралы келісім негіз болды.
2010 жылғы 7 маусымда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Ғылыми кеңесінің кеңейтілген отырысының шешімімен Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық ынтымақтастық орталығы құрылды.
2026 жылдың тамыз айынан бастап орталықтың басшысы қызметін тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сомжүрек Баубек Жұмашұлы атқарып келеді.

