
Жұмыс берушілер кеңесі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау сапасын арттыру мақсатында Жұмыс берушілер кеңесі құрылды.
Университетті дамытудың өзекті мәселелерін шешу және жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатында, Жұмыс берушілер кеңесі жұмыс берушілер мен университет өкілдері үшін диалог алаңы болып табылады.
Кеңес шешімдері ұсынымдық және кеңестік сипатта болады.
Кеңес келесі міндеттерді шешеді:
- заманауи еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, жоғары сапалы білім беру ортасын құру, университеттің білім беру және ғылыми әлеуетін нығайту саласындағы мәселелерді шешуге көмектесу;
- жұмыс берушілердің ұсыныстарын ескере отырып, кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, түлектердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ету;
- білім беру бағдарламалары мен кәсіптік практиканы әзірлеуге және сараптауға, сондай-ақ практикалық базаларды кеңейтуге, бірлескен ғылыми бағдарламаларды, жобаларды және іс-шараларды іске асыруға қатысу;
- түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
