
Жұмыс берушілерге
«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі - ЕҰУ) - Қазақстанның ұлттық зерттеу университеті, өз қызметінде ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыруға ұмтылады.
ЕҰУ ұзақ жылдар бойы кәсіптік тәжірибеден өту және түлектердің жұмысқа орналасуы мәселелері бойынша кәсіпорындармен, компаниялармен және ұйымдармен ынтымақтастықта жұмыс істеуде.
Түлектерді жұмысқа орналастырудың маңызды алғышарттарының бірі жұмыс берушіні таңдау болып саналады. ЕҰУ жұмысқа орналастыру процесін автоматтандыру аясында жұмыс берушілер, студенттер мен университет түлектері арасындағы өзара әрекеттестік алаңы «Карьера» электрондық платформасы - әзірленді.
Платформа жаңа қызметкерлерді іздеуге және іріктеуге кететін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Өзара тиімді ынтымақтастық мақсатында Сіздерді білім алушыларға /түлектерге және жұмыс берушілерге арналған SMART.ENU қосымшасында «Карьера» электрондық платформасында тіркелуге шақырамыз.
Тіркелу сілтемесі: https://smart.enu.kz/#/login
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімі жұмыс берушілер және студенттер мен түлектер қатынастары бойынша негізгі құрылым болып табылады. Бүгінгі таңда ЕҰУ мемлекеттік басқару, халықаралық қатынастар, экономика мен әлеуметтану, білім мен ғылым, мәдениет пен өнер салалары бойынша элиталық кадрлар дайындауды жүзеге асыра, біздің мемлекетіміздің озат жоғарғы оқу орындарының бірі болып табылады. Университет Қазақстан дамуына үлес қосатын, бәсекелесуге қабілетті, жоғары білімі бар жас мамандарды дайындайды.
ЕҰУ студенттері халықаралық білім және ғылым стандартатрына сай қомақты білім алады. Олар мемлекеттік қызметте де, бизнесте де сұранысқа ие.
Біз жұмыс берушілерге мыналарды ұсынамыз: студенттер мен түлектерге бос қызмет орынадарын және тәжірибелер мен жас мамандарды қабылдау бағдарламалары бойынша ақпаратты бастапқы, орта және жоғары позицияларға орналастыруды; бос қызмет орындарын ұсынуды; карьера және бизнес әріптестігі бөлімінің мәліметтер базасын пайдалану арқылы бос қызмет орындарына үміткерлер іздеуді; студенттерге сіздің компанияңыздың презентациясын өткізу мүмкігдігін; ЕҰУ-нің Қызмет орындары жәрмеңкесіне қатысуды; мансапты құру мәселелері бойынша лекциялар оқу мүмкіндігін; ЕҰУ кешеңіндегі шараларға ақпараттық қатысуды.
Карьера және бизнес әріптестігі бөлімімен ынтымақтастық - бұл сіздің компанияңызбен ЕҰУ арасындағы толық деңгейлі серіктес қатынастарды қалыптастырудағы бірінші қадам.
