
Түлектерге
ЕҰУ-да білім алушылардың сертификаттаудың бітіру курстарынан өтуі бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №561 бұйрығының 20-тармағына сәйкес "білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының барлық түлектері Педагогтердің білімін бағалауды (бұрын Ұлттық біліктілік тестілеуін) тапсыру арқылы өздерінің білім деңгейлерін растауға міндетті. Бұл жаңалық кадрлардың сапасын арттыруға бағытталған. Біліктілік тестілеуі түлектердің пән бойынша білім деңгейі мен оқыту әдістемесін анықтауға мүмкіндік береді.
Білім беру ұйымдарында тестілеуден өткен және қажетті балл жинаған түлектер ғана жұмысқа қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы Педагогтердің білімін бағалауды (ПББ) жүргізу операторы болып табылады.
Педагогикалық емес білім беру бағдарламаларының бітіру курстарының білім алушылары сертификаттау орталықтарында кәсіби сертификаттаудан өтеді.
Тәуелсіз бағалаудан өткен ЖОО түлектерінің қолында нақты мамандану бойынша кәсіптік даярлықтан өткенін растайтын диплом және алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын растайтын сертификат болады. Осылайша, жұмыс берушілерге жұмыс өтіліне талап қоймай, сертификаты бар түлектерді жұмысқа қабылдау мүмкіндігі беріледі.
