
Оқу процесінің құрамдас бөлігі студенттердің кәсіптік практикасын ұйымдастыру және өткізу болып табылады, ол тәжірибе базаларымен жасалған ынтымақтастық келісімдерінің негізінде әрбір курста ұйымдастырылады.
Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы 30 академиялық сағатты (5 күндік жұмыс аптасында күніне 6 сағат) және аптадағы 1 кредит бойынша практиканың ұзақтығы практиканың барлық түрлері үшін 1 аптаны құрайды.
Университеттегі кәсіптік практиканың негізгі және міндетті түрлері: оқу/оқу-таныстыру, психологиялық-педагогикалық, педагогикалық, өндірістік, өндірістік/педагогикалық, диплом алдындағы, зерттеу. Ғылыми-педагогикалық магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламасы практиканың екі түрін қамтиды: педагогикалық (ДБ циклі) – білім беру ұйымдарында; зерттеу (ПД циклі) – диссертация орындалатын жерде. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы ұйымдардағы, мекемелердегі, компаниялардағы өндірістік практиканы (ПД циклін) қамтиды.
Практиканы (барлық түрдегі) барлық кезеңдерде ұйымдастыру түлектердің даярлық деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес білім алушылардың кәсіби қызметті меңгеруінің үздіксіздігі мен дәйектілігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Практиканы өткізу мерзімдері оқу жоспары мен академиялық күнтізбеге сәйкес, университеттің оқу-өндірістік базасының, ұйымдардың-практика базаларының мүмкіндіктерін және білім алушылардың теориялық даярлық деңгейін ескере отырып белгіленеді.
Практика басталардан 2 ай бұрын кафедрада дайындық жұмыстары жүргізіледі: практика базасын іздеу, ынтымақтастық/бірлескен қызмет туралы шарттар немесе үшжақты шарт жасасу.
Практика базасын қалыптастыру туралы
Практиканың барлық түрлерін ұйымдастыру білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге, бірлескен қызмет туралы жасалған ынтымақтастық туралы шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Білім алушылардың кәсіптік практика базаларымен шарттар практика басталғанға дейін кемінде бір ай бұрын жасалады және ақпараттық жүйеде ЭЦҚ арқылы электрондық форматта қол қойылады https://smart.enu.kz/, ерекше жағдайларда қағаз түрінде. Шарт жасасар алдында материалдық-техникалық деңгейін, онда жұмыс істейтін мамандардың біліктілігін ескере отырып, қауіпсіздік техникасы бойынша қажетті шарттармен қамтамасыз ету бойынша практика базаларына талдау және бағалау жүргізу қажет.
Білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге жасалған шарттардың негізінде факультет декан мен меңгерушінің қолы қойылған Платонус ААЖ-да (практика басталғанға дейін 3 апта бұрын) кафедра жетекшісін, түрін, орнын және практикадан өту мерзімін көрсете отырып, ұсыныс дайындайды. Өтініште практика туралы деректерді жүктеген кезде әрбір студентке ынтымақтастық туралы келісімнің/кәсіби практиканы өткізу бойынша бірлескен іс-шаралар туралы келісімнің сканерленген нұсқасы немесе үш жақты шарт қоса беріледі.
Университет сайтында білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізуге ынтымақтастық туралы /бірлескен қызмет туралы шарттар жасалған ұйымдар /кәсіпорындар, компаниялар бойынша деректер базасы апта сайын жаңартылып отырады. Ол үшін сайттағы «Мансап» бөлімінде «Шарттар базасы» беті құрылды-https://enu.kz/ru/karera/. Google Drive сілтемесі – https://drive.google.com/drive/folders/1YGzy5RUIxOrNr1J2hx9mtTVz0-8XudW0?usp=sharing
Практикаға бөлу тәртібі және практиканың өтуін бақылау туралы
Білім алушының практиканың барлық түрлеріне әр барар алдында кафедра оларды практика бағдарламасымен, практикадан өту орындарындағы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықпен, практиканттардың құқықтары мен міндеттерімен, практиканттарға қойылатын талаптармен (мерзімдері, күн тәртібі және т.б.), ұсынылатын әдебиеттермен, практика бойынша есептік құжаттаманы ресімдеу және тапсыру тәртібімен таныстыру мақсатында кіріспе конференциясын өткізеді.
Практика алдында білім алушы тиісті кафедрадан: кәсіптік практика бағдарламасын және әдістемелік нұсқауларды, жұмыс жоспары-кестесін, кәсіптік практикадан өтуге арналған күнделік-есепті алуға міндетті.
Практика базасы болып табылатын ұйымдарға жіберілетін білім алушылар университетте тиісті бұйрық шыққаннан кейін практикадан өту орнын өзгерте алмайды.
Студенттің сырқаттануына (ауру туралы анықтама бір апта бойы жарамды) немесе басқа дәлелді себептерге байланысты бас тартқан жағдайда оқу орнын, мерзімін немесе практика жетекшісін бұйрықпен өзгерту қажет болған жағдайда растайтын құжат, кафедра факультет деканының атына орынды, мерзімін немесе практика жетекшісін ауыстыру туралы өтінішпен ұсыныс дайындайды. Қаралғаннан кейін факультет Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректордың атына практика басталғаннан кешіктірмей ұсыныс дайындайды.
Практикадан өту кезінде бұйрық бойынша тағайындалған басшылар оның өту барысын бақылауды жүзеге асыруы тиіс.
Практика базасы болып табылмайтын ұйымда практикадан өту тәртібі туралы
Егер білім алушы практика базасы болып табылмайтын ұйымда практикадан өтуге ниет білдірсе, онда ол ұйым басшысының қолымен және мөрімен үшжақты шарт жасасуы немесе қабылдаушы ұйымнан сұрау-хат (бланкіде, басшының қолымен) ұсынуы қажет.
Академиялық айырмашылықтан/практика үшін берешектен өту туралы
Практикадан өтпеген, практика бағдарламасын орындамаған, жұмыс туралы теріс пікір алған немесе күнделік-есепті (академиялық берешек) қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған, басқа ЖОО-дан, басқа ББ-дан (академиялық айырмашылық) ауыстыру кезінде білім алушылар теориялық оқумен қатар немесе жазғы семестр кезеңінде ақылы негізде келесі академиялық кезеңде жеке кесте бойынша практикаға қайта жіберіледі.
Егер білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде серіктес жоғары оқу орындарына оқуға баратын болса, практиканы сол жерде немесе жеке кесте бойынша кеткенге/келгенге дейін тегін негізде өтуге болады.
Егер білім алушы академиялық демалыстан оралса және практика бойынша академиялық айырмашылықты қалыптастырса, онда ол оны жеке кесте бойынша тегін негізде өтеді.
Практика бойынша есептерді қорғау рәсімі туралы
Практиканың барлық түрлерінің қорытындысы бойынша білім алушылар тиісті кафедраға күнделік-есеп береді, оны практика басшысы тексереді және кафедра меңгерушісінің өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері белгіленген балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады. Практика бойынша есептерді қорғау хаттама ресімделген кестелерге сәйкес жүргізіледі.
Қорытынды баға қорғаудан кейін бір күн ішінде Платонус ААЖ-ға енгізіледі.
Тәжірибеден өтушінің күнтізбелік кестесі
Ынтымақтастық туралы шарт
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған ынтымақтастық туралы шарт (қаз.)
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған ынтымақтастық туралы шарт (рус.)
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған ынтымақтастық туралы шарт (ағылш.)
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үшжақты шарт
Кәсіптік практиканы өткізу туралы үш жақты келісім-шарт (каз.)
Кәсіптік практиканы өткізу туралы үш жақты келісім-шарт (рус.)
Күнделік-тәжірибеден өту туралы есеп
