
Жоғары білім
Университетте көп деңгейлі білім беру жүйесі іске асырылуда.
Жоғары білім деңгейіне бакалавриат жатады, ол кемінде 240 академиялық кредитті міндетті түрде игеретін, тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған.
ЕҰУ бакалавриат деңгейінде кадрларды даярлаудың 8 білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары ұсынылған:
01- Педагогикалық ғылымдар;
02 - Өнер және гуманитарлық ғылымдар;
03 - Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат;
04 - Бизнес, басқару және құқық;
05 - Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
06 - Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
07 - Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
11- Қызмет көрсету.
Біздің университеттегі дайындық сапасы ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді, бұған ЕҰУ-дың халықаралық және республикалық рейтингтерге, мамандықтарды халықаралық аккредиттеуге табысты қатысуы дәлел бола алады.
Білім беру қызметін жоғары білікті мамандар жүргізеді, олардың арасында ғылым және білім саласындағы мемлекеттік сыйлықтардың лауреаттары, белгілі ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлары және педагогикалық және ғылыми қызметте үлкен тәжірибесі бар оқытушылар бар.
Білім беру бағдарламаларының жалпы санының 38 білім беру бағдарламасы инновациялық, яғни теңдесі жоқ бірегей ББ-ға жатады. Олар Қазақстанның ірі жұмыс берушілерінің өзекті сұраулары негізінде ҚР жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы негізінде құрылды.
Қазіргі уақытта жұмысқа орналастырылған түлектердің үлесі 87% құрайды .
Жоғары оқу орнының құрылған күнінен бастап түсушілер ағыны бес еседен астам өсті - 1996 жылғы төрт мыңнан 2022 жылы жиырма мыңға дейін.
Еуразия ұлттық университетінің білім алушылары терең білім, кең көкжиек, мәдениеттің жоғары деңгейіне ие болып қана қоймай, ұтқырлықты, креативтілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамытады. Мұның бәрі оларға өз білімдерін қолдануға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнде alma-mater қабырғаларынан 78 мыңнан астам бірінші дәрежелі мамандар шықты.
Университетте 13 факультет бар: сәулет-құрылыс, ақпараттық технологиялар, жаратылыстану ғылымдары, механикалық-математикалық, физика-техникалық, экономика, филология, заң, халықаралық қатынастар, журналистика және саясаттану, әлеуметтік ғылымдар, тарих, көлік энергетика.
