
Қысқа әрекет алгоритмі - Академиялық демалыс беру немесе ұзарту туралы сұрақ-кеңес
Академиялық демалысты беру (ұзарту) туралы (денсаулығына байланысты, жүктілік және босануына байланысты, бала күтіміне байланысты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыртылуына байланысты) өтініш
1. Өтініш берілген үлгі бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады, қажетті үлгіні таңдау керек.
2. Өтініште ағымдағы демалысқа кету күні және академиялық демалыстан шығу күні (денсаулық жағдайына байланысты - ДКК анықтамасы, бала туылған кезде - бір академиялық оқу жылы, кейіннен бала үш жасқа толғанға дейін ұзартумен, ҚР қарулы күштері қатарына шақырылуына байланысты - тиісті анықтама )көрсетіледі
3. Денсаулығына байланысты демалысқа шыққанда- ДКК-дан анықтама, жүктілігіне немесе бала тууына байланысты демалысқа шыққанда - жүктілік туралы, немесе баланың туу туралы куәлігі, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақырылғанда - анықтама өтінішке қоса тіркелуі керек.
4. Толтырылған өтініш факультет деканының электронды поштасына жіберіледі.
5. Факультет деканы өтінішті кафедра меңгерушісімен келіседі, қол қояды және «Synergy.enu» АЖ-ға жүктеу арқылы тіркеу офисіне жібереді немесе өтініш берушіге жауап жазу арқылы өтініштен бас тартады.
6. Тіркеу офисі бұйрықты 3 жұмыс күні ішінде жасайды.
7. Бұйрық шығарылғаннан кейін білім алушы «Платонус» ААЖ-дегі жеке кабинетінен бұйрықтың көшірмесін көре алады.
