
Қысқа әрекет алгоритмі - Білім алушының жеке деректерін өзгерту туралы сұрақ-кеңес (тегі, аты, әкесінің аты)
Студенттің жеке деректерін өзгерту туралы өтініш (тегі, аты, әкесінің аты)
1. Өтініш берілген үлгі бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жасалады
2. Өтініште ағымдағы күн мен жеке деректерді өзгеруінің себебі көрсетіледі. Өтінішке растайтын құжат қоса беріледі (неке қию туралы куәлік, деректердің өзгергені туралы анықтама және т.б.).
3. Толтырылған өтініш және растайтын құжаттар факультет деканының электрондық поштасына жіберіледі.
4. Факультет деканы өтінішті кафедра меңгерушісімен келіседі, қол қояды және «Synergy.enu» АЖ-ға жүктеу арқылы тіркеу офисіне жібереді немесе өтініш берушіге жауап жазу арқылы өтініштен бас тартады.
5. Тіркеу офисі бұйрықты 3 жұмыс күні ішінде жасайды.
6. Бұйрық шығарылғаннан кейін білім алушы «Платонус» ААЖ-дегі жеке кабинетінен бұйрықтың көшірмесін көре алады.
