
Білім алушыларға
Бос мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу тәртібі
Аралық аттестаттау нәтижелері бойынша бос мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу тәртібі
- Бос білім беру гранттарын беру тәртібі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес тағайындалады (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33345 болып тіркелді).
- Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары, оның ішінде батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.
- Конкурс аралық аттестаттау нәтижелері бойынша куәлік бере отырып, бүкіл оқу кезеңінде GPA үлгерімінің орташа балы негізінде өткізіледі.
- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Университет) сайтында босаған гранттардың санын көрсете отырып ашық конкурс туралы хабарландыру орналастырады. Кеңсе тіркеушісі әр жылдың 1 қаңтар және 1 шілде күндері босаған бос білім беру гранттар тізімін Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке ұсынады.
- Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңінде бағалары А, А- («өте жақсы») білім алушылар ғана басым құқыққа ие болады, келесі кезекте – А, А- («өте жақсы») бастап В+, В, В-, С+ («жақсы») дейінгі бағалар (бұдан әрі – аралас бағалар).
- Үлгерімінің GPA орташа балының көрсеткіштерінде F, FX болған жағдайда білім алушы босаған гранттар конкурсына қатыса алмайды.
- Босаған грант білім алушының негізгі сессия қорытындысы GPA орташа балы негізінде тағайындалады (F, FX қайта тапсырған сессия қорытындысы GPA орташа балы есептелмейді). Курстан курсқа көшкен кезде академиялық қарызы бар білім алушылар конкурсқа қатыса алмайды. Ал, оқу жылының аяғына дейін академиялық айырмашылығы бар білім алушылар конкурсқа қатыса алады және конкурс кезінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 1 курстан бастап оқитын білім алушыларының мүмкіндігі басымырақ болады.
- Босаған гранттарды беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
- Факультет (Институт/Мектеп) үміткерлер құжатынын жинап, факультет (институт/мектеп) кеңесінде талқылап, хаттама шешімі негізінде Академиялық мәселелер жөніндегі департаментке тапсырады. Департамент тексеріп, Университеттің ғылыми кеңесіне ұсынады. Құжаттар жинау мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
- - ақылы негізде білім алып жатқан білім алушы Басқарма төрағасы – ректордың атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
- - келіп түскен өтініштер Университеттің ғылыми кеңесінің отырысында қаралады;
- - Университеттің кадрларды даярлау бағыттары, білім беру бағдарламаларының топтары мен курстары бөлінісінде GPA балын көрсете отырып, босаған гранттарға үміткерлердің деректерін Университет сайтында орналастырады;
- - Университеттің ғылыми кеңесінің шешімі негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін жолдайды. Тізімге білім алушы өтінішінің көшірмесі, ғылыми кеңестің шешімі, білім алушының транскрипті, білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтан үзінді, оның жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі және Университеттен шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) мен оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді қоса беріледі;
- - үміткерлердің болмауына байланысты ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға ұсынылған босаған білім беру гранттарын республикалық комиссия конкурстық негізде қайта бөледі;
- Бос білім беру гранттарына шетел университеттен ауысып келген білім алушылар қатыса алмайды, ал егерде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) сертификаты болған жағдайды қатысады.
- Дифференциалдық грант иегерлерінің босаған бос білім беру грантына кез келген үміткер дифференциалды грант тәртібімен толық танысып, шарттарымен келісіп, өз еркімен келісім хатын жазған кезде қатыса алады.
- Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарына арналған конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі. ҚР азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарының (қандас) босаған гранттарына тек осы санаттағы білім алушылар үміткер бола алады. Үміткер болмаған жағдайда грант мемлекетке қайтарылады.
- Университет келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және шешім оң болған жағдайда босаған білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттары даярлық бағытының немесе білім беру саласының ішінде қайта бөлінеді);
- Қос диплом бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарында стратегиялық әріптестік шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары конкурстық негізде стратегиялық әріптестік шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша, шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарында, білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына қосарланған диплом бағдарламалары бойынша білім алушыларға беріледі.
- Қос диплом бағдарламалары бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарында стратегиялық әріптестік шеңберінде бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын тағайындау үшін конкурсқа қатысу шарттарын Университет өз тарапынан төмендегі талаптар негізінде айқындалады:
- - шет тілін білу деңгейі (сертификат);
- - ғылыми мақалалары;
- - жобамен жұмыс жасау тәжірибесі т.б.
- Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде Ұлттық тест орталығы (ҰТО) білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті Университеттерге жібереді.
- Басқарма Төрағасы – ректор білім грантын беру туралы куәлік негізінде ары қарай білім алуға бұйрық шығарады.
- ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің босаған бос білім беру грант иегері туралы бұйрығы шыққан күнге дейінгі оқу ақысын төлеуге міндетті.
