Құрметті түлектер!

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелеріне көп көңіл бөледі. Біз түлектерімізге жұмыс іздеуде көмек көрсетуге бағытталған түрлі іс-шараларды тұрақты негізде өткіземіз.

Мәселен, ЕҰУ-да жоғары оқу орны мен Жұмыс берушілердің түлектерді  жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өзара іс-қимылына ықпал ететін «Бос орындар жәрмеңкесі» жыл сайын  дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

Жәрмеңкенің мақсаты – ЕҰУ түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушілерді кадрлар даярлау ерекшеліктерімен таныстыру, жұмыс берушілер базасын кеңейту.

Бос орындар жәрмеңкесіне ұлттық компаниялар, холдингтер, Акционерлік қоғамдар, банк және мемлекеттік сектор өкілдері, корпорациялар, медиа-холдингтер, кәсіпорындар, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік емес және бизнес-құрылымдар, оқу ұйымдары белсенді қатысады.

Мансаптық өсу арқылы түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін қолдау және арттыру үшін университет Smart.enu.kz сайтында жұмыс берушілер мен түлектерге арналған электронды платформа құрды, бұл жаңа қызметкерлерді іздейтін компаниялар арасында барынша тиімді өзара әрекеттесуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Біздің университет түлектерді жұмысқа орналастыруда жетекші орын алады, оның көрсеткіші 80 пайыздан астам, оның ішінде 88 пайызы мемлекеттік тапсырыс бойынша университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен тығыз ынтымақтастықта ел үшін жоғары білікті мамандар дайындап жатқан серіктес жұмыс берушілеріміздің арқасында.

Сондай-ақ, ЕҰУ түлектері бәсекеге қабілетті, сұранысқа ие және ЖОО-ны бітіргеннен кейін ірі ұлттық компанияларға, холдингтерге, корпорациялар мен кәсіпорындарға конкурстық негізде орналастырылатынын атап өтеміз.

© 2023 ENUZERO.kz