
Ж. Сайлау қызы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сайлау қызы Жұлдыздың «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Шуылға төзімді кодтау әдістерін дамыту негізінде деректердің сенімділігінің бағдарламалық қамтамасын әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасында орындалған.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Амиргалиев Бейбут Едилханович - техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Astana IT University, «Компьютерлік инженерия» департаменті, профессор (Нұр-Сұлтан қ.);
- Нурсеитов Данияр Борисович - физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «ҚазМунайГаз Инжиниринг» сарапшысы (Нұр-Сұлтан қ.);
- Акжалова Асель Жолдасовна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры (Алматы қ.);
- Боранбаев Аскар Сейлханович - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті, «Инженерия және цифрлық ғылымдар» мектебінің ассистент профессоры (Нұр-Сұлтан қ.);
- Шаяхметова Асем Серикбаевна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеу технологиялары институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ.);
- Сейлова Нургуль Абадуллаевна - техника ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «Компьютерлік технологиялар және киберқауіпсіздік» факультетінің деканы (Алматы қ.);
- Капалова Нурсулу Алдажаровна - техника ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының доценті м.а. (Алматы қ.).
Ресми рецензенттер:
- Мусиралиева Шынар Женисбековна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ.);
- Шайханова Айгуль Кайрулаевна - философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қазақ технология және бизнес университеті, Инженерлі-технологиялық факультетінің деканы (Нұр-Сұлтан қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
- Сатыбалдина Дина Жагипаровна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Ақпараттық қауіпсіздік» кафедрасының меңгерушісі (Нұр-Сұлтан қ.);
- Овечкин Геннадий Владимирович - техника ғылымдарының докторы, профессор, В.Ф. Уткин атындағы Рязань мемлекеттік радиотехникалық университетінің «Есептеуіш жəне қолданбалы математика» кафедрасының меңгерушісі (Ресей Федерациясы, Рязань қ.).
Қорғау 2022 жылы 14 маусым, сағат 17.00-де «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Пушкин көшесі, 11, №2 оқу ғимараты, №222 ауд.
Онлайн-трансляция Microsoft Teams платформасында өтеді, қосылу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_YjQ5MDYzMTEtY2I0Yy00M2FjLTljY2MtMjY4NDQ2NDNmZGQ4%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%225a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73%22%2c%22Oid%22%3a%22df7d471e-9177-4222-8a0d-df535eea8a3f%22%7d
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Сайлау қызы Жұлдыздың диссертация қорғауының бейнежазбасы https://youtu.be/P7FVA0Yrdbc
