
З.Б. Сайманова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сайманова Загира Бекетаевнаның «6D070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша «Гетерогенді ортадағы толқындық құбылыстарды зерттеу үшін бағдарламалық-аналитикалық құралдарды әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасында орындалған.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Рысбайулы Болатбек – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының профессоры (Алматы қ.);
- Боранбаев Аскар Сейлханович – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Назарбаев Университеті, «Инженерия және цифрлық ғылымдар» мектебінің ассистент профессоры (Нұр-Сұлтан қ.);
- Бектемысова Гулнара Умиткуловна – техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, «Компьютерлік инженерия» кафедрасының профессор м.а. (Алматы қ.);
- Абдилдаева Асель Асылбековна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының доценті (Алматы қ.);
- Ахмедиярова Айнур Танатаровна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, «Программалық инженерия» кафедрасының доценті (Алматы қ.);
- Едилхан Дидар – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Компьютерлік инженерия» департаменті, Astana IT University (Нұр-Сұлтан қ.);
- Сатымбеков Максатбек Нургалиулы – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Информатика» кафедрасының доцент м.а. (Алматы қ.).
Ресми рецензенттер:
- Урмашев Байдаулет Амантаевич – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы (Алматы қ.);
- Сарсимбаева Сауле Мусаевна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценті (Ақтөбе қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
- Жумадиллаева Айнур Канадиловна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Компьютерлік және программалық инженерия» кафедрасының доценті;
- Сухинин Сергей Викторович – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Новосибирск мемлекеттік университетінің профессоры, РҒА СБ М.А. Лаврентьев атындағы Гидродинамика институтының жетекші ғылыми қызметкері (Ресей Федерациясы, Новосибирск қ.).
Қорғау 2022 жылы 20 маусым, сағат 14.00-де «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағытындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Пушкин көшесі, 11, №2 оқу ғимараты, №222 ауд.
Онлайн-трансляция Microsoft Teams платформасында өтеді, қосылу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ameeting_YWNkZWYxZGItMzQyMS00OTI2LTgwNzItNjI2OWZkNjAwYWM1%40thread.v2/0?context=%7b%22Tid%22%3a%225a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73%22%2c%22Oid%22%3a%22df7d471e-9177-4222-8a0d-df535eea8a3f%22%7d
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
З.О. Сайманованың диссертация қорғауының бейнежазбасы https://youtu.be/mPJereOeDgY
