
А.Н. Сарсенова
Сарсенова Асемгуль Нурсаиновнаның «8D05107 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша «Жайық өзені аңғары орманды алқабының макромицеттер алуантүрлілігі, оларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері» тақырыбындағы диссертация қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сарсенова Асемгуль Нурсаиновнаның «8D05107 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша «Жайық өзені аңғары орманды алқабының макромицеттер алуантүрлілігі, оларды тиімді пайдалану және қорғау мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан), Ұлттық биотехнология орталығының ұлттық ұжымдық пайдалану ғылыми биотехнология зертханасында (Астана, Қазақстан), Ботаника және фитоинтродукция институтының микология және альгология зертханасында (Алматы, Қазақстан), Айдын Аднан Мендерес университетінің өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында (Айдын қ., Түркия) және Ыспарта қолданбалы ғылымдар университетінің ферменттік және микробтық биотехнология зертханасында (Ыспарта қ., Түркия) орындалды.
Қорғау тілі - қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Абугалиева Сауле Изтелеуовна – биология ғылымдарының докторы, профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан).
- Туруспеков Ерлан Кенесбекович - биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының молекулалық генетика зертханасының меңгерушісі (Алматы қ., Қазақстан).
- Мырзагалиева Анар Базаровна - биология ғылымдарының докторы, профессор, Астана халықаралық университетінің бірінші вице-президенті (Астана қ., Қазақстан).
- Манабаева Шуга Аскаровна - биология ғылымдарының кандидаты, Ұлттық биотехнология орталығының өсімдіктердің генетикалық инженериясы зертханасының меңгерушісі (Астана қ., Қазақстан).
Рецензенттер:
Ситпаева Гульнара Токбергеновна - биология ғылымдарының докторы, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры (Алматы қ., Қазақстан).
Құрманбаева Меруерт Сәкенқызы – биология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми кеңесшілері:
Абиев Сардарбек Абиевич - биология ғылымдарының докторы, , «Жалпы биология және геномика» кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ., Қазақстан).
Джафер Екен – PhD, Айдын Аднан Мендерес университетінің профессоры (Айдын қ., Түркия).
Қорғау 2023 жылы 6 қыркүйекте Астана қ. уақыты бойынша сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 8D05107 – Биология білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық мәжіліс кеңесінің залында өтеді.
Сілтеме: https://us06web.zoom.us/j/86842398083?pwd=Nk52b3B2dHU4OTZuK1k2RkVJSEFDUT09
Конференция идентификаторы: 868 4239 8083
Кіру коды: 949443
Ғалым хатшы Булгакова О.В., тел.: +7 707 432 9727
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияны қорғауның бейнежазбасы https://youtu.be/LJNzs3Cyfd8?si=Ya-ESk7cGu0-65lV
