
Б.А. Ашимова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ашимова Балгын Айдыновнаның «8D05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациясын қорғауы
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ашимова Балгын Айдыновнаның «8D05208 – Экология және табиғатты пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша «ҚР темір жол инфрақұрылымы нысандарын бағалау және экологиялық қауіптілігін төмендету жолдары» тақырыбындағы диссертациясы онлайн қорғалады.
Диссертация «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Корганбаев Бауржан Ногайбаевич – техника ғылымдарының докторы, «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.);
- Кузьменкова Наталья Викторовна – география ғылымдарының кандидаты, «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті» химия факультеті басты ғылыми қызметкері (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.);
- Канаев Ашимхан Токтасынович – биология ғылымдарының докторы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ «Биология және биотехнология» факультеті, «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
- Бахов Жумабек Кубеевич – техника ғылымдарының докторы, «С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университет» КеАҚ «Экология» кафедрасының профессоры (Қазақстан мемлекеті, Астана қ.).
Рецензенттер:
- Еликбаев Бахытжан Кошкинбаевич – биология ғылымдарының докторы, «Қ. Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Өндірістік экология және химиялық процесстер» кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
- Есенаманова Мансия Санаковна – техника ғылымдарының кандидаты, «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Экология» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Атырау қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
- Бейсенова Райхан Рымбаевна – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Астана қ.);
- Игнасио Менендез Пидаль де Наваскуес – техника ғылымдарының докторы, профессор, Мадрид политехникалық университетінің Жол, канал және порт инженерлері жоғары техникалық мектебінің профессоры (Испания мемлекеті, Мадрид қ.)
Қорғау 2023 жылы 27-маусымда, сағат 10.00-да «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ жанындағы «8D052 - Қоршаған орта» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы Microsoft Teams платформасында өтеді.
Онлайн-қорғауға қосылу үшін сілтеме: https://clck.ru/TVtK3
e-mail: irm85@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=ajQR9krnmXw
