
А.А. Рахметова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рахметова Анар Аскарбаевнаның «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша
диссертациясын қорғауы
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рахметова Анар Аскарбаевнаның «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша «Қарағанды облысының техногендік әлсіз аймақтарының геожүйелерінің қазіргі жағдайы» тақырыбындағы диссертациясы онлайн қорғалады.
Диссертация «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Канаев Ашимхан Токтасынович – биология ғылымдарының докторы, «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық зерттеу университеті» КеАҚ биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
Земцов Валерий Алексеевич – география ғылымдарының докторы, Томск мемлекеттік университеті «Геоэкология» кафедрасының профессоры (Ресей Федерациясы, Томск қ.);
Аубакирова Бахыт Нупбаевна – «Экология» мамандығы бойынша PhD, «Назарбаев Университеті» Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі «Құрылыс және экологиялық инженерия» кафедрасының нұсқаушысы (Қазақстан Республикасы, Астана қ.).
Жаманғара Айжан Қашағанқызы - биология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі жануарлар дүниесі және орман шаруашылығы Комитетінің «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШҚЖҚ РМК филиалының Астана ботаникалық бағының палеоботаника зертханасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Астана қ.).
Рецензенттер:
Еликбаев Бахытжан Кошкинбаевич – биология ғылымдарының докторы, «Қ. Сатпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» өндірістік экология және химиялық процесстер кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
Бахов Жумабек Кубеевич – техника ғылымдарының докторы, «С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ «Экология» кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Астана қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
Бейсенова Райхан Рымбаевна – биология ғылымдарының докторы, профессор «Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Астана қ.);
Бурен Шарав – техника ғылымдарының докторы, Фраунгофер институтының профессоры (Германия, Ильменау қ.).
Қорғау 2023 жылы 13 қаңтарда, сағат 10.00-да «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ жанындағы «8D052 - Қоршаған орта»: «6D060800 – Экология», «8D05208 – Экология және табиғатпайдалану» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы Microsoft Teams платформасында өтеді.
Онлайн-қорғауға қосылу үшін сілтеме: https://clck.ru/TVtK3
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: irm85@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы https://youtu.be/Q_-gIcYZTlU
