
И.Т. Шамшидин
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шамшидин Иннар Темиргалиевнаның «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша диссертациясын қорғауы
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шамшидин Иннар Темиргалиевнаның «6D060800 – Экология» мамандығы бойынша «Электромагниттік сәулеленудің биологиялық объектілерге әсері» тақырыбындағы диссертациясы онлайн қорғалады.
Диссертация «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Корганбаев Бауржан Ногайбаевич – техника ғылымдарының докторы, «М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» КеАҚ «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.);
Исаева Акмарал Умурбековна - биология ғылымдарының докторы, профессор, «Шымкент университеті» жеке мекемесі «Экология және биология» ғылыми зерттеу институтының директоры (Қазақстан Республикасы, Шымкент қ.);
Кузьменкова Наталья Викторовна – география ғылымдарының кандидаты, «М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті» химия факультеті басты ғылыми қызметкері (Ресей Федерациясы, Мәскеу қ.);
Тулегенова Сымбат Ержанқызы – PhD, «Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» «Биология-география» кафедрасының аға оқытушысы (Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ.);
Рецензенттер:
Канаев Ашимхан Токтасынович – биология ғылымдарының докторы, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КеАҚ биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры (Қазақстан Республикасы, Алматы қ.);
Есенаманова Мансия Санаковна – техника ғылымдарының кандидаты, «Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ «Экология» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Атырау қ.).
Ғылыми кеңесшілері:
Бейсенова Райхан Рымбаевна – биология ғылымдарының докторы, профессор «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқару және инжиниринг» кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан Республикасы, Астана қ.);
Григорьев Аркадий Иванович – биология ғылымдарының докторы, «Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университеті» «Бейорганикалық химия» кафедрасының профессоры (Ресей Федерациясы, Омск қ.).
Қорғау 2023 жылы 28 сәуірде, сағат 10.00-да «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ жанындағы «8D052 - Қоршаған орта»: «6D060800 – Экология», «8D05208 – Экология және табиғатпайдалану» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңестің отырысы Microsoft Teams платформасында өтеді.
Онлайн-қорғауға қосылу үшін сілтеме: https://clck.ru/TVtK3
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz, e-mail: irm85@mail.ruЗерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы https://youtu.be/FcSIdrt2JoA
