
Т.Х. Раскалиев
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Раскалиев Тимур Хасановичтің «6D050600-Экономика» мамандығы бойынша диссертациясының қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Раскалиев Тимур Хасановичтің «6D050600-Экономика» мамандығы бойынша «Еуразиялық экономикалық одақ жағдайындағы Қазақстан Республикасы сүт саласының дамуын экономикалық бағалау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасында орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Ресми рецензенттер:
- Керимова Укиляй Керимовна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті (Алматы қ., ҚР);
- Бельгибаева Анаргуль Сарсенбаевна – экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (Көкшетау қ., ҚР).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Андронова Инна Витальевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей халықтар достығы университеті (Мәскеу қ., РФ);
- Арынова Зульфия Амангельдиевна - экономика ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің "Бизнес, білім және құқық" факультетінің профессоры. (ауыстырылған - Каменова Мазкен Жанатаевна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан қ., ҚР));
- Акимбекова Галия Уйсимбековна – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты (Алматы қ., ҚР);
- Нарынбаева Айна Сериковна – экономика ғылымдарының докторы, доцент, Инновациялық Еуразия университеті (Павлодар қ., ҚР);
- Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы – PhD, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда қ., ҚР).
Ғылыми кеңесшілері:
- Есмагулова Нургуль Дюсеновна – экономика ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасының профессоры (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Дигилина Ольга Борисовна – экономика ғылымдарының докторы, Ресей халықтар достығы университетінің «Саяси экономия» кафедрасының профессоры (Мәскеу қ., РФ).
Қорғау 2021 жылы 15 қазанда, сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Қорғаудың онлайн-режимі Microsoft Teams платформасында өтеді.
Сілтемесі: https://cutt.ly/8WO25HX
Е-mail: b.isayeva_78@mail.ru
Диссертациялық кеңестің шешімі
