
Е.Г. Рякова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рякова Елена Геннадьевнаның «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
КеАҚ «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде» философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Рякова Елена Геннадьевнаның «6D020100 – Философия» мамандығы бойынша «Социально-философский анализ логики глобальных процессов в современном мире» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінің «Қазақстан тарихы және әлеуметтік гуманитарлық пәндер» кафедрасында орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Ресми рецензенттер:
- Чумаков Александр Николаевич – философия ғылымдарының докторы, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу гуманитарлық университетінің, Жаһандану үрдістері факультетінің профессоры (Мәскеу, Ресей);
- Камарова Рузия Исламовна – философия ғылымдарының кандидаты, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Дінтану зерттеулер департаментінің директоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Смагулов Есбосын Меркешевич – философия ғылымдарының кандидаты, ҚР Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары;
- Сандыбаева Улболсын Майтановна – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының доценті.
- Качеев Денис Анатольевич – философия ғылымдарының кандидаты, Челябинск мемлекеттік университетінің Қостанай филиалының әлеуметтік-гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының профессоры;
- Толгамбаева Даметкен Турлыбаевна – философия ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының доценті.
- Тулеубеков Асыл Серикович – философия ғылымдарының кандидаты, С.Нарикбаев атындағы KAZGUU университетінің жалпы білім беру пәндері департаментінің ассистент профессоры
Ғылыми кеңесшілері:
- Сағиқызы Аяжан – философия ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры.
- Супаквади Аматаякул – PhD, Тілдер және коммуникациялар Еркін университетінің профессоры (Милан, Италия).
Қорғау 2023 жылы 14 сәуір, сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде, А. Янушкевич көшесі 6, №4 ғимарат, ӘҒФ, №106 мәжіліс залында өтеді.
Қорғаудың онлайн-режимі: Microsoft Teams платформасында өткізіледі
Сілтемесі - https://clck.ru/33kR7v
e-mail: quralai.sergabylqyzy@mail.ru
Сайт мекен-жайы: www.enu.kz
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертациялық қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=RcS19PyEsPo
