
А.Б. Сансызбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Сансызбаева Айгерим Баккелдиевнаның «6D060900 – География» мамандығы бойынша «Солтүстік Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекаралас облыстарының экономикалық интеграциясы» тақырыбында диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Физикалық және экономикалық география» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Сергеева Айгул Максатовна - география ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «География және туризм» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, мамандығы: 25.00.24 – «Экономикалық, әлеуметтік және саяси география».
Токбергенова Айгул Абдугаппаровна - география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «География, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының доценті, мамандығы: 25.00.24 – «Экономикалық, әлеуметтік және саяси география».
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Рамазанова Нургуль Есеновна – 6D060800-Экология мамандығы бойынша философия докторы (PhD), профессор м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының меңгерушісі.
Ахмеденов Кажмурат Максутович - география ғылымдарының кандидаты, «География» кафедрасының профессоры, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, мамандығы: 25.00.26 – жерге орналастыру, кадастр және жер мониторингі.
Курепина Надежда Юрьевна - география ғылымдарының кандидаты, аға ғылыми қызметкер, Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің су және экологиялық мәселелер институты, мамандығы: 25.00.33 – «Картография».
Темирбаева Роза Кабдикаримовна - 6D060900 – «География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ «Туризм және рекреация географиясы» зертханасының аға ғылыми қызметкері.
Мукаев Жандос Толеубекович - 6D060900 – «География» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің жаратылыстану-математика факультетінің деканы.
Алиева Жаннат Нарикбаевна - география ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Рекреациялық география және туризм» кафедрасының доценті, мамандығы: 11.00.02 – «Экономикалық, әлеуметтік және саяси география».
Ғылыми кеңесшілер:
Саипов Абдимажит Аманжолович - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Физикалық және экономикалық география» кафедрасының профессоры, мамандығы: 13.00.08 - «Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі».
Дунец Александр Николаевич – география ғылымдарының докторы, доцент, РФ Алтай мемлекеттік университетінің ғылыми және инновациялық даму жөніндегі проректоры, мамандығы: 25.00.24 – «Экономикалық, әлеуметтік, саяси және рекреациялық география».
Қорғау 2023 жылғы 23 маусымда, сағат 11.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D060900 – География» мамандығы бойынша «8D052 – Қоршаған орта» кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Мекен-жайы: 010000, Астана қ., Қажымұқан көшесі, 13, №3 оқу корпусы, Мәжіліс залы (№333 ауд.).
e-mail: aeginbaeva@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қорғау бейнежазбасы https://youtu.be/iEUy-crPXpc
