
Ш.К. Турмаганбетова
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Турмаганбетова Шынар Курмангалиевнаның «6D060200-Информатика» мамандығы бойынша «Салық саласы бойынша білімдер базасы негізінде сұрақ-жауап жүйесі» тақырыбындағы диссертациясын қорғау өтеді.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Информатика және ақпараттық қауіпсіздік кафедрасында орындалған.
Қорғау қазақ тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Куандыков Абу Абдикадырович– техника ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің Ақпараттық жүйелер кафедрасының профессоры (Алматы қ.);
- Ахмед-Заки Дархан Жумаканович- техника ғылымдарының докторы, Astana IT University ректоры(Нұр-Сұлтан қ.);
- Маткаримов Бахыт Турганбаевич - техника ғылымдарының докторы, профессор, Назарбаев университеті «National Laboratory Astana» ЖМ жетекші ғылыми қызметкері (Нұр-Сұлтан қ.);
- Жомартқызы Гүльназ – PhD, Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі деканының орынбасары (Өскемен қ.);
- Сулейманов Джавдет Шевкетович - техника ғылымдарының докторы, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі, Қазан федералды университетінің профессоры, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы «Қолданбалы семиотика» ҒЗИ ғылыми жетекшісі (Қазан қ., Татарстан Республикасы, Ресей).
Рецензенттер:
– Мусиралиева Шынар Женисбековна - физика-математика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі (Алматы қ.);
– Кузин Дмитрий Александрович - техника ғылымдарының кандидаты, Сургут мемлекеттік университеті Автоматика және компьютерлік жүйелер кафедрасының доценті (Сургут қ., Ресей).
Ғылыми кеңесшілер:
– Шәріпбай Алтынбек Әмірұлы – техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының профессоры.
– Омарбекова Асель Сайлаубековна – техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жасанды интеллект технологиялары кафедрасының профессор м.а.
Шетелдік ғылыми кеңесші:
– Голенков Владимир Васильевич– техника ғылымдарының докторы, Беларусь мемлекеттік информатика және радиоэлектроника университеті Интеллектуалды технологиялар кафедрасының профессоры (Минск қ., Беларусь).
Қорғау 2022 жылы 18 ақпан, сағат 17.00-де «8D061 – Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кадрларды даярлау бағытындағы «6D060200-Информатика», «8D06102-Информатика» мамандықтары бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 010008, Нұр-Сұлтан қаласы, Сәтпаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік ғимараты, №302 ауд.
Онлайн-трансляция Microsoft Teams платформасында өтеді, қосылу үшін сілтеме: https://teams.microsoft.com/l/meetup-join/19%3ab4OWgn9w0BU7i4VgTMspGg4LykYCo4gkpJ0M1aiEJ2M1%40thread.tacv2/1642245358940?context=%7b%22Tid%22%3a%225a2fd781-9261-485a-af2b-6171d0efab73%22%2c%22Oid%22%3a%22309bb2ca-1ef1-4604-912b-0411910d9d0b%22%7d
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Ш.Турмаганбетованың диссертациялық қорғауы - https://www.youtube.com/watch?v=vxfvFw8IQn8
