
Ж.С. Утегенова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Утегенова Жұлдыз Сайрановнаның "6D051700 – Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша диссертациясының қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Утегенова Жулдыз Сайрановнаның "6D051700 - Инновациялық менеджмент" мамандығы бойынша «Өндірістік саладағы кәсіпорынның инновациялық әлеуетін басқару механизмін жетілдіру (Ақмола облысының материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Менеджмент» кафедрасында орындалды.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
- Ержанова Салтанат Кулдасбаевна - экономика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің «Менеджмент» кафедрасының доценті, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы;
- Досжан Райгүл Дүкенбайқызы – философия (PhD) докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті м.а., Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Кирдасинова Касия Александровна – экономика ғылымдарының кандидаты, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Искаков Бауыржан Мұратбекұлы - экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Туран-Астана» университеті (Нұр-Сұлтан қ., ҚР);
- Борбасова Зияда Назибековна - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (Қарағаны қ., ҚР);
- Жуманова Бекаршын Кимашовна - экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті (Нұр-Сұлтан, ҚР).
Ғылыми кеңесшілері:
Толысбаев Бауыржан Советович – экономика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;
Суслов Виктор Иванович - экономика ғылымдарының докторы, профессор, Новосібір мемлекеттік университетінің «Математикалық әдістерді экономика және жоспарлауда қолдану» кафедрасының профессоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Ресей Федерациясы).
Қорғау 2021 жылы 23 тамыз, сағат 11.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Диссертациялық кеңесінде өтеді.
Қорғау онлайн-режимінде Microsoft Teams платформасында өтеді, сілтемесі: https://cutt.ly/TmSykn6
E-mail: aigul_bakirbek@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның анықтамасы
Диссертациялық кеңестің шешімі
