
Г.С. Амангелдиева
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амангелдиева Гулмира Сабыровнаның «6D050400 - Журналистика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Амангелдиева Гулмира Сабыровнаның «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Дәстүрлі БАҚ-тың Интернет медиаға көшудегі жаңа парадигмалары: дижитализация, генерация және конвергенция (Шетелдік тәжірибе және Қазақстан)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы – саяси ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, электрондық БАҚ баспасөз кафедрасының профессоры кафедрасының профессоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық және саяси процестер мен технологиялар (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Шүрентаев Амангелді Мирамұлы – философия докторы (PhD), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі, мамандығы 6D050400– Журналистика (Қостанай қ., Қазақстан Республикасы)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Асанов Қамашке Дәулетқанұлы – филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.02 – Қазақ әдебиеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы).
Тапанова Сәуле Есенбекқызы - филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Баспа және баспа ісі кафедрасы профессоры. Мамандығы: 10.01.02– Қазақ әдебиеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Буенбаева Зарина Қайратқызы – философия докторы (PhD), Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: 6D050400 – Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Тоқтағазин Мұратбек Балқыбекұлы – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры, қауымдастырылған профессор. Мамандығы: 10.01.02 – Қазақ әдебиеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Коломиец Виктор Петрович – әлеуметтік ғылымдар докторы, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультеті бұқаралық коммуникация әлеуметтануы кафедрасының профессоры. (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы).
Қорғау 2022 жылғы 28 мамырда, сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D032 – журналистика және ақпарат» кадр даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: https://clck.ru/g56Es
Мекенжайы: 010000 Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., А.Янушкевич к-сі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-оқу ғимараты, 112-аудитория, С.Оразалы атындағы аудитория.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Бейресми рецензенттердің пікірлері
Диссертациялық кеңестің шешімі
Г.С. Амангелдиеваның диссертация қорғауы - https://youtu.be/NmiWmslj9jU
