
М.К.Кумарова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кумарова Меруерт Кумаровнаның «6D050400 - Журналистика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Кумарова Меруерт Кумаровнаның «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Ашық қоғам жағдайындағы ақпараттық саясат тиімділігінің мәселелері» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы - филология ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, доцент. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ошанова Орынтай Жанабаевна – филология ғылымдарының кандидаты, Шет тілдер және іскерлік карьера университеті журналистика және қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, доцент. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Омашев Намазалы Омашевич – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
2. Жусупова Алматай Мергенбаевна - филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 - Журналистика (Қостанай қ., Қазақстан Республикасы).
3. Әуесбай Қанат Әуесбайұлы – филология ғылымдарының кандидаты, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Атырау қ., Қазақстан Республикасы).
4. Саудбаев Мадияр Худайбергенович – Сулейман Демирел атындағы университеті әлеуметтік ғылымдар кафедра меңгерушісі, PhD доктор, қауымдастырылған профессор. Мамандығы: 6D050400-Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Есенбекова Ұлбосын Мейірбекқызы - филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 10.01.10-Журналистика. (Нұр-сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Лебедева Татьяна Юрьевна – филология ғылымдарының докторы. Еуропа Паблик Рилейшнз институтының Президенті, профессор (IEEPR, Франция, Париж). Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика.
Қорғау 2021 жылғы 21 тамызда, сағат 15.00 – де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «8D032 – журналистика және ақпарат» кадр даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Zoom платформасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Мекенжайы: 010000 Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., А.Янушкевич к-сі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-оқу ғимараты, 112-аудитория, С.Оразалы атындағы аудитория.
Сайт мекенжайы: www.enu.kz, e-mail: ashirbekova_75@mail.ru
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияның қорғауы (бейнежазбасы) келесі сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=vLM2WdVRjgU
