
А.М.Шурентаев
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шурентаев Амангельды Мирамовичтің «6D050400 - Журналистика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шурентаев Амангельды Мирамовичтің «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Қазақстанның құқықтық журналистикасы: қалыптасу және даму үрдісі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Тайшыбай Зарқын Сыздықұлы – филология ғылымдарының кандидаты, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10-Журналистика (Петропавл қ., Қазақстан Республикасы).
Бейсенқұлов Аязби Ахбергенұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің медиакоммуникация және Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры, мамандығы 10.01.10-Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы)
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры. Мамандығы: Тарих (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Асанов Камашке Дәулетқанұлы – филология ғылымдарының докторы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.02 - қазақ әдебиеті (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы).
Ақсейіт Ғалия Манатқызы – филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Есдәулетов Айтмұханбет Оразбайұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика. (Нұр-сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Айдемир Окай – философия докторы (PhD), Болу Абант Иззет Байсал университетінің профессоры (Болу қ., Түркия).
Қорғау 2021 жылғы 28 тамызда, сағат 15.00 – де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «8D032 – журналистика және ақпарат» кадр даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Zoom платформасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Сілтемесі: Zoom
https://zoom.us/j/97257664120?pwd=Ni9zSExSa3RVSkM1MGRVV2lKUmYzdz09
Идентификатор конференции: 972 5766 4120
Код доступа: 855049
Мекенжайы: 010000 Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., А.Янушкевич к-сі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-оқу ғимараты, 112-аудитория, С.Оразалы атындағы аудитория.
Сайт мекенжайы: www.enu.kz, e-mail: ashirbekova_75@mail.ru
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғауының бейнежазбасы келесі сілтеме бойынша: https://youtu.be/z7bEB2o5vVI
