
А.П.Жанысбаева
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жанысбаева Акниет Пернебаевнаның «6D050400 - Журналистика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жанысбаева Акниет Пернебаевнаның «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «Қазақстанның ақпарат кеңістігіндегі аймақтық мерзімді басылымдардың проблемалары («Оңтүстік Қазақстан» газеті материалдары негізінде)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз және баспа ісі кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – қазақ тілінде.
Рецензенттер:
Шынгысова Назгуль Турсынбаевна – филология ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика және коммуникация жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі, профессор. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ермаганбетова Зухра Нургалиевна – филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының аға оқытушысы. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Рамазан Айгүл Әмірғалиқызы - филология ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, доцент. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
2. Жусупова Алматай Мергенбаевна - филология ғылымдарының кандидаты, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 - Журналистика (Қостанай қ., Қазақстан Республикасы).
3. Сердәлі Бекжігіт Кенжебекұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті журналистика кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.10 – Журналистика (Түркістан қ., Қазақстан Республикасы).
4. Тапанова Сәуле Есенбекқызы – филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.02 – Қазақ әдебиеті (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілер:
Шиндалиева Менликул Бурхановна - филология ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті баспасөз және баспа ісі кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.01.02 – Қазақ әдебиеті. (Нұр-сұлтан Қ., Қазақстан Республикасы).
Бахтикиреева Улданай Максутовна – филология ғылымдарының докторы, Ресей Халықтар Достастығы университеті орыс тілі және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры. Мамандығы: 10.02.01 – Орыс тілі (Ресей).
Қорғау 2021 жылғы 21 тамызда, сағат 11.00 – де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша «8D032 – журналистика және ақпарат» кадр даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Zoom платформасында өткізіледі деп жоспарлануда.
Мекенжайы: 010000 Қазақстан, Нұр-сұлтан қ., А.Янушкевич к-сі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ 4-оқу ғимараты, 112-аудитория, С.Оразалы атындағы аудитория.
Сайт мекенжайы: www.enu.kz, e-mail: ashirbekova_75@mail.ru
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияның қорғауы (бейнежазбасы) келесі сілтемеде: https://www.youtube.com/watch?v=HqC07431hEw
