
Садыкова А.К.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Садыкова Айгуль Кудайбергеновнаның 8D01823 – «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Садыкова Айгуль Кудайбергеновнаның 8D01823 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ әлеуметтік педагогтарды әлеуметтік серіктестік жағдайында дайындауды сүйемелдеу технологиялары» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
Атабекова Бактыгул Ботабековна - философия докторы (PhD), «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
Айтенова Эльмира Абдикалиевна - философия докторы (PhD), «Педагогикалық психология» кафедрасының доценті м.а., М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Есенғұлова Мейрамгүл Нұралықызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының доценті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
Нуржанбаева Жанат Оралбайкызы - философия докторы (PhD), «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы;
Сейдина Молдир Зикировна – философия докторы (PhD), «Педагогика және психология» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., Ташенов университеті;
Тастанбекова Нурсауле Джаксибаевна - философия докторы (PhD), «Кәсіптік білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;
Сманова Алуа Арыстановна - философия докторы (PhD), «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
Маманова Алма Шарипуллина - философия докторы (PhD), «Қазақ және орыс тілдер» кафедрасының аға оқытушысы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.
Ғылыми кеңесшілер:
Шолпанкулова Гульнар Кенесбековна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» кафедрасының профессоры м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Джейн Дженсен – профессор, Білім беру Колледжінің жоғары оқудан кейінгі саясат және бағалау бөлімінің басшысы (Кентукки университеті, АҚШ).
Қорғау 2023 жылы 30 маусым, сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «8D011 - Педагогика және психология», «8D018 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлау»: «8D01103/6D010300 – Педагогика және психология», «8D01823/6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кадрларды дайындау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft teams платформасында өткізіледі.
Командаға қосылу сілтемесі: https://clck.ru/34YPr6
Сайт мекен жайы: http://www.enu.kz/; e-mail: tolkyn_1969@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=Ljb9G71TgCI
