
Сағатбекқызы Ж.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жансұлу Сағатбекқызының 8D01823 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жансұлу Сағатбекқызының 8D01823 - «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша «Болашақ әлеуметтік педагогтарды ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды сүйемелдеуге даярлау» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
Туребаева Клара Жаманбаевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім беру» кафедрасының меңгерушісі, К.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
Ауренова Мадина Даулеткановна – психология ғылымдарының кандидаты, психология және коррекциялық педагогика кафедрасының қауымдастырылған профессоры, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Егенисова Алмажай Кулжановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
Кыякбаева Улбосын Козыбаевна - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
Турдалиева Шолпан Турсумбаевна – психология ғылымдарының кандидаты, «Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
Жомартова Айсулу Далеловна - философия докторы (PhD), «Тұлғалық даму және білім беру» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Торайғыров университеті;
Майлыбаева Гульмира Сабыровна - философия докторы (PhD), Педагогика және психология жоғары мектебі деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті;
Булшекбаева Асем Исаевна – философия докторы (PhD), «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.
Ғылыми кеңесшілер:
Шалғынбаева Кадиша Кадыровна – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Асипова Нурбубу Асаналиевна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Жүсіп Баласағұни атындағы Қырғыз ұлттық университеті.
Қорғау 2023 жылы 1 шілде, сағат 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «8D011 - Педагогика және психология», «8D018 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлау»: «8D01103/6D010300 – Педагогика және психология», «8D01823/6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кадрларды дайындау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft teams платформасында өткізіледі.
Командаға қосылу сілтемесі: https://clck.ru/34YWCh
Сайт мекен жайы: http://www.enu.kz/; e-mail: tolkyn_1969@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=KlIMQ4_cZOY
