
Тажитова Г.З.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тажитова Гульжахан Зарубаевнаның 8D01103 - «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Тажитова Гульжахан Зарубаевнаның 8D01103 – «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша «ЖОО оқыту үдерісінде аймақтық тұғырды жүзеге асырудың педагогикалық шарттары (ағылшын тілін оқыту материалы бойынша)» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
Курманова Бактыгул Жакеновна - педагогика ғылымдарының докторы, орыс филологиясы және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті;
Мейрамова Салтанат Акимовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық байланыс департаментінің директоры, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Нағымжанова Қарақат Мұқашовна – педагогика ғылымдарының докторы, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және тілдік пәндер кафедрасының профессоры, «Туран-Астана» Университеті;
Утегенова Бибикуль Мазановна - педагогика ғылымдарының кандидаты, Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың педагогика және психология кафедрасының профессоры, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті;
Турдалиева Шолпан Турсумбаевна – психология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Әлеуметтік психология» кафедрасының меңгерушісі, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті;
Нұржанова Сажила Абдисадыковна - педагогика ғылымдарының кандидаты, «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры; Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
Сырымбетова Ләйлә Саркытовна - педагогика ғылымдарының кандидаты, шетел тілдер дайындығы теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессор-зерттеушісі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті;
Сұлтанбек Мәлік Жұпанбекұлы – философия докторы (PhD), «Білім технологиялары» кафедрасының доценті міндетін атқарушы, Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Ғылыми кеңесшілер:
Калкеева Камарияш Райхановна – педагогика ғылымдарының докторы, педагогика кафедрасының профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті;
Казаренков Вячеслав Ильич - педагогика ғылымдарының докторы, психология және педагогика кафедрасының профессоры, Ресей Халықтар достығы университеті.
Қорғау 2023 жылы 19 қаңтар, сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «8D011 - Педагогика және психология», «8D018 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша мамандарды даярлау»: «8D01103/6D010300 – Педагогика және психология», «8D01823/6D012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» кадрларды дайындау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft teams платформасында өткізіледі.
Командаға қосылу сілтемесі: https://clck.ru/333Cxq
Сайт мекен жайы: http://www.enu.kz/; e-mail: tolkyn_1969@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертация қорғаудың бейнежазбасы https://youtu.be/ItFX1LRukDo
