
А. Турсынбек
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алия Турсынбектің «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Турсынбек Алияның «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі: саяси тәуекелдер мен қауіптер» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Саясаттану» кафедрасында орындалған.
Қорғау: орыс тілінде
Ресми рецензенттер:
Симтиков Жомарт Кудайбергенович – саяси ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Арғынбаева Жанар Жұмағалиқызы – философия докторы (PhD), Нархоз Университетінің ғылыми-зерттеу жұмысы бөлімінің бастығы. Мамандығы: 6D050200 – Саясаттану (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Абилдаев Алмаз Сызганбекович − философия докторы (PhD), Атырау облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі өкілі. Мамандығы: 6D050200 – Саясаттану (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
2. Калиев Ильдар Абужанович – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор, Қоғамдық-саяси зерттеулер институтының директоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
3. Кожирова Светлана Басейовна – саяси ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Шығыстану институтының бас ғылыми қызметкері Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
4. Шерьязданова Камилла Галимовна − философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: 23.00.00 – Саясаттану (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Нечаева Елена Леонидовна – саяси ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» кафедрасының қауымдастырылған профессоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Петр Сула –философия докторы (PhD), Вроцлав университеті, саяси ғылымдар институты директорының ғылым және даму жөніндегі орынбасары (Вроцлав қ., Польша).
Қорғау 2023 жылы 12 қыркүйек, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» (мамандықтар: 6D050100 – Әлеуметтану, 6D050200 – Саясаттану, 8D03101 – Әлеуметтану, 8D03106 – Саясаттану) мамандықтары бойынша кадрларды дайындау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі оффлайн және онлайн Zoom платформасында өтеді.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қ., А.Янушкевич көшесі, 6, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 4 ғимараты, №112 аудитория.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Ресми рецензенттердің пікірі
Ресми рецензенттердің пікірі
Диссертациялық кеңестің шешімі
