
А.У. Нусипова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нусипова Арайлым Умарходжаевнаның «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы өтеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Нусипова Арайлым Умарходжаевнаның «6D050200 – Саясаттану» мамандығы бойынша «Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайдағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі саясаты» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті «Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер» кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде.
Ресми рецензенттер:
Қағазбаева Эльмира Маратовна – саяси ғылымдарының кандидаты, доцент, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Шығыстану факультетінің деканы. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Нугманова Карлыгаш Жандильдиновна – саяси ғылымдарының докторы, профессор, «Шығыс-Батыс» халықаралық геосаяси болжау орталығының президенті, «Астана саяси зерттеулер қауымдастығының» директоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1. Шерьязданова Камилла Галимовна − философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: 6D050200 – Саясаттану (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
2. Қалиев Ильдар Абужанович – саяси ғылымдарының кандидаты, профессор, Қоғамдық-саяси зерттеулер институтының директоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы).
3. Айтымбетов Нуркен Искакович − философия докторы (PhD), ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының жетекші ғылыми қызметкері. Мамандығы: 6D050200 – Саясаттану (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
4. Төлен Жеңісбек Мұратбекұлы – философия докторы (PhD), доцент, «Тұран университеті» Аймақтану және халықаралық қатынастар кафедрасының меңгерушісі. Мамандығы: 6D050200 – Саясаттану (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Алияров Есенжол Каниевич − саяси ғылымдарының докторы, Саяси зерттеулер Ассоциациясының Президенті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының профессоры. Мамандығы: 23.00.02 – Саяси институттар, этносаяси конфликтология, ұлттық мүдделер және саяси процестер мен технологиялар (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Тадеуш Дмоховский – PhD, профессор. Гданьск университеті Саяси ғылымдар факультетінің деканы (Гданьск қ., Польша).
Қорғау 2023 жылы 28 тамыз, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «8D031 – Әлеуметтік ғылымдар» (мамандықтар: 6D050100 – Әлеуметтану, 6D050200 – Саясаттану, 8D03101 – Әлеуметтану, 8D03106 – Саясаттану) мамандықтары бойынша кадрларды дайындау бағытындағы диссертациялық кеңесте өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі оффлайн және онлайн Zoom платформасында өтеді.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, 6, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 4 ғимараты, №112 аудитория.
Zoom конференциясына қосылу https://us06web.zoom.us/j/88515817704?pwd=SUNUYXhZWGpHOEJpYk5uWDVuZ2Z1UT09
Конференцияның идентификаторы: 885 1581 7704, Кіру коды: 846001
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияны қорғауның бейнежазбасы https://youtu.be/xNbp0pi5vEw?si=2sem02NpQMxG9laT
