
А.С. Монтаева
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Монтаева Айнур Сарсенбековнаның «8D07329 – Құрылыс» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Монтаева Айнур Сарсенбековнаның «8D07329 – Құрылыс» мамандығы бойынша «Technology of pile foundation construction in winter season by using chemical anti frosty additives in soils» («Топырақта химиялық антифризді қоспаларды қолдана отырып, қысқы құрылыс жағдайында қадалы іргетастарды салу технологиясы») диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Құрылыс» кафедрасында орындалды.
Қорғау – ағылшын тілінде.
Ресми рецензенттер:
- Adimoolam Boominathan – PhD, Мадрас Үнді технологиялық институтының "Құрылыс" кафедрасының профессоры (Мадрас қ., Үндістан);
- Пронозин Яков Александрович – техникалық ғылымдар докторы, Тюмень индустриалды университетінің «Құрылыс өндірісі» кафедрасының профессоры (Тюмень қ., Ресей Федерациясы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Кудрявцев Сергей Анатольевич – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қиыр Шығыс қатынас жолдары мемлекеттік университетінің «Көпірлер, тоннельдер және жерасты құрылымдары» кафедрасының меңгерушісі (Хабаровск қ., Ресей Федерациясы);
- Котов Павел Игоревич – геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, М.В. Ломоносов атындағы ММУ Геология факультетінің аға ғылыми қызметкері (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы);
- Оразова Динара Казбековна – PhD, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Өнеркәсіптік азаматтық және көлік құрылысы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы);
- Калданова Балжан Ораловна – PhD, Қарағанды индустриялық университетінің «Құрылыс» кафедрасының аға оқытушысы (Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
- Жусупбеков Аскар Жагпарович – техника ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Геотехникалық институтының директоры, «Құрылыс» кафедрасының профессоры (г. Нұр‑Сұлтан, Қазақстан Республикасы);
- Yoichi Watabe – техника ғылымдарының докторы, Хоккайдо Университетінің профессоры (Саппоро, Жапония).
Қорғау 2022 жылы шілденің 5 күні, сағат 12:00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D073 – Сәулет және құрылыс» кадрларын даярлау бағыты «8D07329 – Құрылыс» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді.
Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі, сілтеме: https://clck.ru/osQXQ
E-mail: krasavka5@mail.ru
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
А.С. Монтаеваның диссертациялық қорғауы https://www.youtube.com/watch?v=svYXct7I5DM
