
Ташкараева А. М.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ташкараева Асель Мухтаровнаның «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Ташкараева Асель Мухтаровнаның «6D020300 – Тарих» мамандығы бойынша Абу-л-Ғазидің «Шежіре-и Таракиме» (XVII ғ.) шығармасындағы деректанулық және тарихнамалық мәселелер» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасында орындалған.
Қорғау: қазақ тілінде
Рецензенттер:
– Шамшиденова Факия Мешведеновна – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің доценті (Алматы қ., Қазақстан Республикасы);
– Искакова Галия Зейдилдаевна – философия докторы (PhD), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан Республикасы).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Жеребцов Игорь Любомирович – тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Орал бөлімінің Коми ғылыми орталығы, Тіл, әдебиет, тарих институтының директоры (Сыктывкар қ., Коми Республикасы, Ресей Федерациясы).
– Нұрбай Қайырболат Жакенұлы – тарих ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы)
– Өтепова Гүлфира Елубайқызы – тарих ғылымдарының докторы, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті Жоғары гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы)
– Исин Амантай Исаұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Шәкәрім университеті Қазақстан тарихы кафедрасының доценті (Семей қ., Қазақстан Республикасы);
Ғылыми кеңесшілері:
– Көмеков Болат Ешмұхамбетұлы – ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
– Ахмет Ташағыл – философия докторы (PhD), Йедитепе университетінің профессоры (Стамбул қ., Түркия Республикасы).
Қорғау 2023 жылы 29 тамызда, сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде offline/online форматта zoom платформасында.
Қосылу сілтемесі: https://us02web.zoom.us/j/85754265294?pwd=eGtubzRVQ3pIQlQrZTl2dmVqTTRsZz09,
ID: 857 5426 5294, қосылу коды: 027250
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Диссертацияны қорғау бейнежазбалары https://youtu.be/SIr8Gd6xFzQ?si=gilFR33IER9xVv1B
https://youtu.be/ismkAdauCeo?si=ZhxahqLsjS_D6F7a
