
А.Т. Жумажанова
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жумажанова Айнаш Турлыбековнаның «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «8D05323 – Техникалық физика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Жумажанова Айнаш Турлыбековнаның «Жоғары энергиялы иондармен сәулелендірілген нитридтер мен карбидтердегі құрылымдық эффектілер» диссертациялық жұмысының қорғауы өтеді.
Диссертация ҚР ЭМ Ядролық физика институтының Астана филиалында және БЯЗИ Флеров атындағы ядролық реакциялар зертханасында (Дубна, Ресей Федерациясы) орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
- Шункеев К.Ш. – ф.-м.ғ.д., профессор, «Материалдардың радиациялық физикасы» ҒО директорі, К.Жубанов атындағы Ақтобе өнірлік университеті (Ақтобе қ., Қазақстан Республикасы);
- Лисицын Виктор Михайлович – ф.-м.ғ.д., Томск политехникалық университетінің жаңа өндірістік технологиялар инженерлік мектебінің материалтану бөлімінің профессоры (Томск қ., Россей Федерациясы);
- Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы - философия докторы (PhD), «Техникалық физика» кафедрасының доценті, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
- Мусаханов Досымхан Абитханович - «Конденсирленген күй физикасы» мамандығы бойынша т.ғ.к., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының доценті (Астана қ., Қазақстан Республикасы).
Ресми рецензенттер:
Ногай Адольф Сергеевич – ф.-м.ғ.д., С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының профессоры («01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы») (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Мясникова Людмила Николаевна – ф.-м.ғ.к., ассоц.профессор, К.Жубанов атындағы Ақтобе өнірлік университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры ("01.04.07 – Конденсирленген күй физикасы") (Ақтобе қ., Қазақстан Республикасы).
Ғылыми кеңесшілері:
Акилбеков Абдираш Тасанович – ф.-м.ғ.д., Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Техникалық физика» кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы);
Скуратов Владимир Алексеевич – – ф.-м.ғ.д., профессор, Біріккен ядролық зерттеулер институтының ядролық зерттеулер зертханасының «Иондық-имплантациялық нанотехнологиялар және радиациялық материалтану» секторының бастығы (Дубна қ., Россей Федерациясы).
Қорғау 2023 жылы 30 маусым, сағат 14.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында («6D072300 – Техникалық физика», «8D05323 – Техникалық физика») мамандықтары бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі. Сілтеме: https://clck.ru/34X7az
e-mail: salikhodzha_zhm@enu.kz
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Қорғаудың бейнежазбасы https://www.youtube.com/watch?v=Vx1R5JJRwko
