
Алпысова Г.К.
Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алпысова Гульнур Кенжебековнаның «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғауы
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Алпысова Гульнур Кенжебековнаның «6D072300 – Техникалық физика» мамандығы бойынша «Радиациялық синтез жағдайларының YAG:Се керамикасының люминесценциясына әсері» диссертациясын қорғауы өтеді.
Диссертация Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Томск политехникалық университетінде орындалды.
Қорғау: орыс тілінде.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
– Смирнов Серафим Всеволодович – техника ғылымдарының докторы, ТУСУР ФЭ кафедрасының Интегралдық оптика және радиофотоника зертханасының ғылыми жетекші қызметкері, Томск қ., Ресей Федерациясы;
– Красников Алексей - философия докторы (PhD), Тарту университетінің Физика институтының зертеушісі, Тарту қ., Эстония;
– Бекмырза Кенжебатыр Жағыпарұлы - философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика» кафедрасының доценті, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
– Шлимас Дмитрий Игорьевич – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Ядролық физика» кафедрасының аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
Ресми рецензенттер:
– Ногай Адольф Сергеевич – физика-математика ғылымдарының докторы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университетінің энергетика факультетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының профессоры, Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы;
– Сагимбаева Шынар Жанузаковна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің физика кафедрасының доценті, Ақтөбе қ., Қазақстан Республикасы.
Ғылыми кеңесшілері:
– Карипбаев Жакып Тлеубаевич – философия докторы (PhD), Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Техникалық физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, , Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы.
– Лисицын Виктор Михайлович – физика-математика ғылымдарының докторы, Томск политехникалық университетінің ЖӨТИМ материалтану бөлімінің профессоры, Томск қ., Ресей Федерациясы.
Қорғау 2022 жылы 10 наурызда, сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D053 – Физикалық және химиялық ғылымдар» кадрларды даярлау бағытында «6D072300 – Техникалық физика» («8D05323 – Техникалық физика») мамандығы бойынша Диссертациялық кеңесінде өтеді. Диссертациялық кеңес мәжілісі Microsoft Teams платформасында өткізіледі. Сілтеме: https://clck.ru/aqwor.
Зерттеулерді этикалық бағалау жөніндегі комиссияның қорытындысы
Диссертациялық кеңестің шешімі
Г.К. Алпысованың диссертациялық қорғауы https://www.youtube.com/watch?v=lYR-pznYwnA
